СОР № 1 Биология 7 класс Өсімдіктерде макроэлементтердің тапшылығы (азот, калий, фосфор). Тыңайтқыштар: органикалық және минералдық (азотты, калийлі және фосфорлы).

Назад
Биология - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Өсімдіктерде макроэлементтердің тапшылығы (азот, калий, фосфор). Тыңайтқыштар: органикалық және минералдық (азотты, калийлі және фосфорлы).

Задание:

(а) Берілген тыңайтқыштарды жіктеңіз.
Калий Шымтезек Қарашірік
Фосфор Азот Қи

(b) Төменде берілген мәліметпен минералды тыңайтқыштар түрлерін сәйкестендіріңіз.
1. Жапырақтары мен сабақтары нашар дамып, тірек ұлпасы жетілмейді.
2. Егер өсімдікке бұл элемент жетіспесе, өте баяу өсіп, жапырақтары бозғылт тартады.
3. Жемістің салмағы кеміп, жемістің түзілуі баяулайды.
4. Қоректік заттардың қорға жиналуы үшін қажет.
5. Бидайдың түптенуі баяулайды.
6. Жасуша қабықшасының түзілуіне қатысады.
7. Ағаштардың жанама бұтақтары дамымайды.

(с) Минералды тыңайтқыштардың өсімдік тіршілігі үшін маңызын түсіндіріңіз.

Решение:

(а) Минералды тыңайтқыштар: Калий, азот, фосфор.

Органикалық тыңайтқыштар: шымтезек, қарашірік, қи

(b) Фосфор: 3, 6

Калий: 1, 4

Азот: 2,5, 7

(с) Топырақтық қоректену — тамырлардың суды және онда еріген минералды заттарды сіңіруі. Топырағында минералды қоректік заттары аз алқаптарда органикалық заттардың түзілу процесі бұзылады, өсімдіктердің өсуі және дамуы баяулайды, сәйкесінше өнім азаяды. Өсімдіктердің қорегіндегі ең басты элементтер азот, фосфор және калий болып табылады.

Азот жерүсті өркендердің өсуін күшейтеді, калий тамырлардың, түйнектердің, пиязшықтардың өсуіне жағдай жасайды; фосфор жемістердің салмағына, мөлшеріне әсер етеді, олардың пісіп-жетілуін жылдамдатады; калий мен фосфор өсімдіктердің суыққа төзімділігін арттырады.

Азот жетіспеген жағдайда жапырақтар өңсіз жасыл болады, тіпті сарғайып, уақытынан бұрын түсіп қалады. Өсімдіктердің өсуі баяулайды, бүйір өркендері нашар түзіледі, тамырлардың тарамдануы азаяды. Өсімдіктердің азоттық ашығуын болдырмау керек, себебі азотсыз жаңа нәруыздар түзілмейді. Мысалы, жүгеріде жапырақтың ортаңғы жүйкесінің ұлпалары өлі ұлпаларға айналады, жапырақтың шеттері ширатылады. Орамжапыраққа азот жетпеген жағдайда төменгі жапырақтары ал қызыл және ашық сары ерекше түске ие болады.

Фосфорлық ашығу жапырақтарда көкшіл жасыл, сирек жағдайда қола тәрізді түстің пайда болуына әкеледі. Өсімдіктің өсуі, гүлдеуі, содан кейін жеміс және тұқым беруі тоқтайды.

Топырақта калий жетіспеген жағдайда тамырлар нашар өседі, түйнектер мен пиязшықтар баяу дамиды. Жапырақтары су жетіспегендей солыңқы көрінеді, ал олардың жиегінде күйік тәрізді қоңыр дақтар пайда болады. Өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін топыраққа тыңайтқыштар түрінде қоректік заттарды енгізу қажет. Тыңайтқыштар органикалық және минералдық болып екіге бөлінеді.