СОР № 1 Всемирная История 8 класс Неліктен Мұстафа Кемалді «Ататүрік» деп атады?

Назад
Всемирная История - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Неліктен Мұстафа Кемалді «Ататүрік» деп атады?

Задание:

Мәтінді пайдаланып Мұстафа Кемалға дейінгі және Мұстафа Кемалдың кезіндегі Түркияның дамуын салыстырып, баға беріңіз.
Түркиядағы ұлы Кемал Ататүрік есімімен байланысты реформалар неден басталды? Түркия Бірінші дүниежүзілік соғысты, басқыншылықты, басқыншыларға қарсы азаттық үшін күресті, жас түріктердің таратылуын және сұлтан тәртіптемесінен біржола азаттық алуды, империяның құлауын бастан кешірді. Осман империясы соғыстан және ішкі қайшылықтардан әбден тұралаған мемлекет еді. Соғыс нәтижесінде Түркия Шығыс Анатолияның, Месопотамияның, Сирияның, Палестинаның түгелге жуығынан айырылды. Әскерге үш миллионға жуық ер адамның әкетілуі себепті, ауылшаруашылық өндірісі күрт төмендеді. Ел күйреудің сәл-ақ алдында тұрды. Дәл осындай жағдайларда Мұстафа Кемал Ататүрік елін қабылдап, жаһандық түрлендірулер жүргізіп, мемлекетті жаңа даму кезеңіне шығарды.
Ататүрік – Түрік Республикасының негізін салушы. Оны АҚШ-тың Джордж Вашингтонымен, Германияның ұлы Фредеригімен салыстыруға болады. Олар – мемлекет негізін салушылар. Ататүрік те солардың қатарына кіреді.

Решение:

Мұстафа Кемал Ататүрік (Ғази Мұстафа Кемал-паша) (түр. Мұстафа Кемал Ататүрк1881 – 10 қараша 1938) — османдық және түрік мемлекеттік, саяси және әскери қолбасшысы, Түркия мемлекетінің реформаторы, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті. Ол Түркияны зайырлы, индустриялды ел етіп құрудың басында тұрды. Оның идеологиясы зайырлылық, ұлтшылдық болып, Кемализм деп аталады.