СОР № 1 Всемирная История 8 класс «Адамның жан дүниесінің инженерлері»: Сталин өнерді халыққа ықпал ету үшін қалай пайдаланды?
Назад«Адамның жан дүниесінің инженерлері»: Сталин өнерді халыққа ықпал ету үшін қалай пайдаланды?
Задание:
Ұғымдарға сипаттама беріңіз.
Решение:
Реализм әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі,стильдік формасы алуан түрлі.
Модернизм ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы.Модернизм қаламгерлердің әлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Модернизм авангардтық және декаденттік сатылардан өткенімен, олардан айырмашылығы болды.
Символизм өте ықпалды шығармашылық ағымы. Символизм объктивтілікті тастап, субъективтілікке талпынады, нақты шындықты тіке бейнелегенге қарағанда оны ұқсамаған тұрғыдан тоғыспалы бейнелеуге тырысады, көп мағыналылыққа мән береді, күрделі де терең символдар арқылы түрлі идеялар мен ұстанымдарды аңғартуға тырысады.
Авангардизм қалыптасқан қағидалар мен дәстүрден, өмір бірқалыптылығынан алшақтай отырып, көркем мәдениетті жаңғыртпақ болған мәдени ағым. Ол модернизмнің тым өсерленген бағыты ретінде қалыптасты. Авангардизмнің басты мәнісі—мәдени мирасқорлықтың маңызын кемітіп, «мәңгі құндылықтар» деген ұғымды қайта қарау.