СОР № 1 География 8 класс Жер бедерінің жіктелуі
НазадЖер бедерінің жіктелуі
Задание:
Картаны пайдаланып, өз қалауыңыз бойынша төмендегі нысандардың біріне сипаттама беріңіз.
Алтай тауы, Мұғалжар тауы, Тұран жазығы, Каспий маңы ойпаты, Қазақтың ұсақ шоқысы, Жетісу Алатауы.
Жоспар.
— Жер бедерінің түрі
— Географиялық орны
— Орташа биіктігі
— Пайда болу жолы
— Қазіргі өзгерістері
Решение:
Алтай тауы
Жер бедері:
Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді.
Географиялық орны:
Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөліне дейін жан-жаққа таралған.
Биіктігі:
4506 м
Пайда болу жолы:
Бұл тау жоталары шамамен 500 миллион жыл бұрын пайда болды. Жалпы аумағы 2 мың шақырымға созылған. Осы тау жүйесінің бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының маңында орналасқан.
Шығыс Қазақстан — еліміздегі негізгі ағаш даярлау, ағаш өңдеу шаруашылығының орталығы. Орман оның басты байлығының бірі болып табылады. Бірақ кейінгі жылдары осы байлықты ысыраппен пайдалану, ағашты бақылаусыз кесу және өрттің жиі болуы орман алқаптарын азайтып барады