СОР № 1 История Казахстана 9 класс Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар)

Назад
История Казахстана - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар)

Задание:

ХХ ғасырдың соңындағы әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырыңыз.

Халық назарлықтарының ортақ ұқсастықтарын анықтаңыз

Решение:

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.

Жаңаөзен оқиғасы — 1989 жылы маусым айында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында болған жергілікті халықтың бас көтеруі. Бұл әлеуметтік кикілжіңнің шығуына басқа республикалардан келіп жұмыс істейтіндердің жергілікті халықтың дәстүрлерімен, мүддесімен санаспай, дөрекілік көрсетуі себеп болды.

Қарағанды кеншілерінің ереуілі, (1989 ж. 20-22 шілде), Кузбасс пен Донбасс кеншілерінің ереуілін қолдай отырын, «Тентек», «Долинка», КСРО-ның 50 жылдығы, «Абай» шахталарының жұмысшылары 20 шілдеде жұмысты токтатып, еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеуді жегілдіру…