СОР № 1 География 9 класс Қазақстандық географтардың зерттеулері
НазадҚазақстандық географтардың зерттеулері
Задание:
1. Шоқан Уәлиханов ұйымдастырған саяхаттардың бағытын, ғылыми-танымдық маңызын, жазылған еңбектерін анықтап төмендегі кестені толтырыңыз:
2. «Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан ғылымын дамытуға қосқан үлесі» тақырыбында эссе жазыңыз (25-30 сөйлем).
Эссеге қойылатын талаптар:
1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетілуі тиіс
2.Негізгі бөлім: Тақырыпқа сәйкес: теория, фактілер, идея, ақпараттар сұрақтар қою,
т.б. қолдану, дәлел келтіру (аргументация).
Мысалы:
1. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер.
2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер;
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысының
болуы.
Решение:
Қаныш Сәтпаев туралы.
Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаған, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, академик Қаныш Сәтпаев 1899 жылы 12 сәуірде Теңдік ауылынан 1 километр қашықтықтағы Айрық деген жерде дүниеге келді.
Шын есімі — Ғабдулғани.
2019 жылы атақты ғалымның туғанына 120 жыл жыл аталып өтті.
Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтап, 1911 жылы Павлодардағы 2 — сыныпты орыс — қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын да мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.
1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.
Қаныш Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол.
Ғұлама ғалым Ұлытау өңіріндегі басты-басты тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған – Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған.
Бұл кісі нағыз «жеті қырлы, бір сырлы» тұлға болған екен…