СОР № 1 География 9 класс Қазақтың халықтық географиялық терминдері

Назад
География - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Қазақтың халықтық географиялық терминдері

Задание:

1. Төменде берілген мәтінді оқып шығып, өз өлкеңіздің топономикасын сипаттаңыз.
Топонимика — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл гректің «топос» — орын, жер, «онома» — атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз.
Топоним дер, яғни жер-су аттары, негізінен үш бағытта зерттеледі:
— семантикасы (мағынасы);
— жасалу жолдары;
— этимологиясы.
Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық атауларының жиынтығы сол жердің топонимиясын құрайды. Топонимдер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге (тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б.), мезотопонимдерге (жеке таулар, теңіздер, т.б.), микротопонимдерге (көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) бөлінеді.
Соңғы жылдары еліміздің топономикасы тәуелсіздігіміздің нәтижесінде өзінің дамуының ерекше бір сатысына көтеріліп, жаңа даму сатысына өтті деп айтуға толық негіз бар. Егемен қазақ елінің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі – елді мекен, жер-су атауларын тарихи тұрғыдан қалпына келтіру болып табылады. Бұл бағытта жүргізіліп отырған жұмыстарды екі топқа бөліп қарастырған жөн.
Біріншісі – ежелгі тарихи атаулардың қайтарылып, қайтадан қолданысқа енуі. Гурьев қаласы Атырау атауына ие болды. Құрманғазы ауданының Киров ауылдық округі Дәшін, Морской ауылдық округі Мақаш деп атала бастады. Махамбет, Исатай, Құрманғазыдай біртуар ұлы тұлғалар атаулары аудандарға берілді.
Екіншісі – ежелгі атауы көмескіленіп не мүлдем жойылып кеткен елді мекендерге, жер-суға жаңа ұлттық нақыштағы атаулардың беріле бастауы. Бұл құбылысты облыс топономикасындағы жаңа үрдіс деп есептеу керек. Мәселен, Махамбет ауданының Алмалы селолық округіндегі Память Ильича ауылы Береке ауылы, Кандаурово Алмалы, Буровиктер поселкесі Ақжар, Геолог Бірлік, Птицефабрика Ақсай деп аталды.

2. Берілген ақпаратты назарға ала отырып, еліміздегі жер-су атауларын ерекшеліктеріне қарай жіктеңіз.
Қашанда ат-қоюға шебер халқымыз атау беруде жүйелі қағиданы ұстанған.
— жер-су атауларын беруде сол жердің жер бедері, жан-жануары, өсімдіктер дүниесі, ауа райын ескерген;
— тарихи оқиғаларды, белгілі тұлғаларды, халық өміріндегі елеулі кезеңдерді есте қалдыру, естелік мұра көзделген;
— жер, атақоныс – атадан балаға мирас болып қалып отырған замандарда қоныстың (жайлау, қыстау, құдықтың) кімнің иелігінде екенін анықтау мақсат етілген;
— объектіні тапқан (мәселен, бұлақ, су көзін, пайдалы қазба кенін тапқан) адамдарды, объектіні салғызған, салған (мешіт, медресе, мектеп) адамдар есімін есте қалдыру жағы ойластырылған.

Решение: