СОР № 1 География 9 класс Географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды картадан көрсету тәсілдері
НазадГеографиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды картадан көрсету тәсілдері
Задание:
1. Географиялық нысандар, үдерістер және құбылыстар ұғымына анықтама беріп, мысалдар келтіріңіз.
2. Берілген үдерістерді сипаттаңыз.
Абразия, денудация, су тасқыны, сел, тау түзілуі.
а.Географиялық үдерістің анықтамасы.
b.Үдерістердің таралуын кескін картада көрсетіңіз
Решение:
1. Географиялық нысандар – белгілі бір орналасуымен сипатталатын Жердің бар немесе бар салыстырмалы тұрақты, тұтас түзілімдері: материктер, мұхиттар, теңіздер, шығанақтар, бұғаздар, аралдар, таулар, өзендер, көлдер, мұздықтар, шөлдер және басқа да табиғи объектілер.
Географиялық құбылыстар – географиялық қабықта болатын құбылыстар. Географиялық құбылыстарға мысал: Шар найзағай, найзағай, жанартаулық жарылыстар, жер сілкінісі, шық тамшылары, жаңбыр тамшылары, булану, қар.
Географиялық үдерістер – литосфера, гидросфера, биосфера және атмосфера түйісетін және өзара еніп, өзара әрекеттесетін жер шарының күрделі қабығы.
2. Абразия— мұхиттардың, теңіздердің, көлдердің, өзге де су қоймаларын жағалауларындағы түп жыныстардың толқын мен ағын әсерінен механикалық бұзылуы мен мүжілуі.
денудация— уатылған тау жыныстарының жер бетінің ойпаң бөліктеріне сырғу
су тасқыны — дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы
сел–Тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен ағыла қүлауымен сипатталатын, кенеттен басталып, барынша қарқынды өтетін мейлінше залалды құбылыс
тау түзілуі– тау құрылымдарының түзілуіне себепші болатын жер қабығындағы тектоникалық өрлеу қозғалыстары мен денудациялық процестердің жиынтығы