СОР № 1 География 9 класс Минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемалар

Назад
География - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемалар

Задание:

Рөлдік ойын. Оқушыларды үш топқа (Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан) бөліңіз.
Минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды(экологиялық, экономикалық, әлеуметтік) жіктеп, шешу жолдарын ұсыныңыздар.
Кәсіпорын басшысының негізгі тоқталатын проблемалары
 Кәсіпорынның қалыптасуы;
 Ресурс қоры;
 Кәсіпорынның мамандануы;
Әкімнің негізгі тоқталатын проблемалары
 Кәсіпорынның еліміздің экономикасындағы қосатын үлесі;
 Аймақты дамытуы;
Экологтың негізгі тоқталатын проблемалары
 Қоршаған ортаға қаншалықты әсері; (террикон, карьер, жердің тозуы, ресурстардың азаюы т.б.);
 Мәселені шешу жолдарын ұсыну;
 Адам денсаулығы және кәсіпорын;
Журналисттың негізгі тоқталатын проблемалары
 Кәсіпорын орналасқан аймақ мәселесі;
 Мәселенің өзектілігін аша білу;
 Сұрақтар қоя білу;
Оператордың міндеті барлық ақпартты жинақтап бейне материал дайындау.
Топтар өз ішінде талқылағаннан соң оны халыққа жеткізеді;
Кәсіпорын басшысы өз жұмыстарымен таныстырады;
Журналистер зерттеу жұмысының жүргізілгені жайында репортаж түсіреді;
Экологтар проблеманың шешу жолын ұсынады;
Әкімдер шешімді қабылдап, Заңмен негіздейді.
Таныстырылымдар ролик, презентация, шығармашылық сахналау түрінде болады.

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра