СОР № 1 География 9 класс Қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері

Назад
География - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері

Задание:

1. «Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі негізде «Өліара, Бесқонақ, Қызыр қамшысы, Тобылғы жарған» ұғымдары туралы сұрақтарға жауап береңіз.

2. Мәтінді оқыңыз. Қара түспен берілген атаулардың мағынасын түсіндіріңіз.
Ел болып еңсесін көтерген ежелгі заманнан-ақ біздің ата-бабаларымыз өздері өмір сүріп отырған өңірдің табиғатын, ауа-райын бақылап, әрбір құбылысын зерделеп, жан-жануарлардың да қылықтарын, Ай, Күн, жұлдыздардың да сипатын назарынан тыс қалдырмаған. Осының бәрін сараптай келіп, алдағы жыл мезгілдеріне болжам жасаған. Қазақтардың негізінен, мұндай адамдарды жұлдызшылар деп атағаны мәлім. Қазақ жұлдызшылары неше түрлі ырымдарды да ауа-райын болжауда кеңінен пайдаланды. Сөйтіп, халқымызда Ай санау, Күн санау, Жыл санау деп аталатын мерзім өлшемдері өмірге келді.
Халқымыз жылдың әр айы мен тоқсанында болатын ауа-райындағы, табиғаттағы өзгерістер мен құбылыстарды алдын-ала болжап, оған ат қойып, айдар тағып отырған. Жылдың он екі айындағы табиғат құбылысына байланысты халықтық қағидаларға сәйкес болжамдар мен атаулар наурыз айынан бастау алады.
Өліара. Амал. Құс қанаты. Бесқонақ. Қызыр қамшысы. Тобылғы жарған. Қызыл жұмыртқа. Құралайдың салқыны. Үркердің батуы. Үркердің толғағы. Таразының тууы. Мизам шуақ. Сүмбіленің тууы. Қарашаның қайтуы. Қырбастың қызылы. Текенің бұрқағы. Күннің таласуы. Қыс шілдесі.

Решение: