СОР № 1 География 9 класс Миграциялық саясат
НазадМиграциялық саясат
Задание:
Мәтінді оқып, көші-қон саясатын дамыту туралы ұсынысыңызды (инфографика, презентация, сызба) көрсетіңіз.
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасынан үзінді
Ішкі көші-қон процесін реттеу саласында «Дипломмен ауылға!» жобасының шеңберінде 2009 жылдан бері ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт, агроөнеркәсіп кешені мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары көзделді. Сондай-ақ «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» атты әлеуметтік жоба шеңберінде «Серпін — 2050» білім беру бағдарламасы іске асырылды. 2014-2016 жылдары республикамыздың 8 облысында 22 жоғарғы оқу орнында және 54 колледжде 11 мың студент еліміздің 5 өңірінен келіп білім алды. Алматы, Астана қалалары, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары халық ағынының негізгі өңірлері болып табылады. Бұл ретте халықтың ұтқырлығын арттырудың қазіргі (стихиялық сипаттағы) жағдайларында кейбір кері үрдістер күшеюде: 1) Демографиялық дисбаланс. Қазіргі уақытта елдің солтүстік өңірлерінде (Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай областары) халық саны (барлығы 2,9 млн. адам) елдің оңтүстік өңірлеріне қарағанда аз (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстары) (6,5 мың адам). Бұл ретте болжамды деректер бойынша 2050 жылға қарай солтүстік өңірлердің халқы 0,9 млн. адамға қысқаруы, ал оңтүстік өңірлердің халқы 5,2 млн. адамға артуы мүмкін. Оңтүстік өңірлерде халықтың орналасу тығыздығы іс жүзінде солтүстік өңірлердің тиісті көрсеткішінен 4 есе асатын болады. Сонымен қатар, сарапшылық бағалау бойынша таяудағы 5 жылда жаңа жұмыскерлер ағынының баяулауы байқалады, бұл 90-жылдардың басындағы демографиялық құлдырауға негізделеді. 2) Экономикалық дисбаланс. Қазіргі уақытта оңтүстік өңірлерде (Алматы қаласын есептемегенде) халықтың 38%-ы тұрады, сөйте тұра олардың жалпы өңірлік өнімдегі (ЖӨӨ) үлесі 17%-ды ғана құрайды. Солтүстік өңірлерде (Астана қаласын есептемегенде) 17% халыққа ЖӨӨ-нің 13%-ы келеді.