СОР № 1 География 9 класс Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттары

Назад
География - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттары

Задание:

1. Мәтінді оқып, Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағыттарын анықтаңыз. Маңыздылығын түсіндіріңіз. Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда «индустриялық-инновациялық даму» бағыты көзделген. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бәсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш — оның экономикасы. Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты — индустриялы-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процестерге бет бұру. Қазақстанда ең алғашқы үдемелі индустрияландырудың қажеттілігі жөнінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ««Қазақстан–2050» Стратегиясы. «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында жариялады. Бұл Жолдауға сәйкес, үдемелі индустрияландыру — бұл жаңа салаларды қалыптастыру үдерісі, сондай-ақ экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын инновацияларды және жоғары технологияларды енгізу негізінде дәстүрлі салалардың дамуы. Елімізде үдемелі индустрияландырудың тәжірибелік жүзеге асуы Қазақстан Республикасының 2010–2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын қабылдаудан басталды. Одан кейін мемлекет басшысының «Қазақстан–2050» Стратегиясы: «Қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның әлемнің барынша дамыған 30 елінің қатарына кіру бойынша тұжырымдамасы қабылданды. Бағдарламаларда әр түрлі мәселелер қамтылды: адами капиталдың дамуы; институционалдық ортаны жетілдіру, ғылыми сыйымды экономиканы дамыту, ғылыми сыйымды экономиканың инфрақұрылымын жедел қалыптастыру және т.б.

2. Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму болашағына болжам жасаңыз.
ФОРСАЙТ немесе көзделген болашақ

Решение:

1. 2.