СОР № 1 География 9 класс Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы

Назад
География - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы

Задание:

1. Мәтінді оқып, Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының жағдайын SWOT арқылы талдаңыз.
Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы
Инновациялық қызмет инфрақұрылымы немесе инновациялық инфрақұрылым–бұл иелігіндегі субъектілерге инновациялық процестердің шарттарын іске асыруды тікелей экономикалық тиімді принциптер негізінде қамтамасыз ететін ұйымдастырушыэкономикалық институттар кешені. Инфрақұрылым келескелес функционалдық салалар бойынша бөлінеді:
1. көлік және байланыс;
2. ақпарат және телекоммуникация;
3. несиелік–қаржылық сала;
4. қор нарығы;
5. делдалдар институты;
6. арнайы және консалтингтік сипаттағы қызмет көрсететін компания мен фирмалар.
Инновациялық инфрақұрылым құрудың маңызды бағыты өнеркәсіптік, аймақтық және инновациялық саясат элементтерін біріктірудің арқасында өсімді ынталандыру стратегиясын жүзеге асыратын инновациялық орталықтарды, ғылыми және технологиялық парктер мен инкубаторларды қалыптастыру болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономика дамуындағы мемлекеттің рөлі макроэкономикалық тұрақтылықты ұстап тұратын және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін реттейтін саясатты әзірлеумен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, ол экономикалық процестердегі стратегиялық және үйлестіру функцияларын өзіне жүктеуі тиіс. Осы функцияларды іске асыру тетіктерінің бірі даму институттары, технопарктер, конструкторлық бюролар, арнайы экономикалық аймақтар болып табылады.
Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымына кіреді:
1. Даму институттары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы №1201 «Инновациялық даму институттарының тізбесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес 5 инновациялық даму институттары анықталған: «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ, «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ, «ҚазАгроИнновация» АҚ, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ.
2. Конструкторлық бюро. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыз №958 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша кәсіпорындардың қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін – ауыл шаруашылығы, электротехникалық, тау-кен, көлік және мұнай-газ машиналарын жасау сегменттері бойынша 5 конструкторлық бюро құру қарастырылған.
3. Технопарктер. Технопарк – ғылыми-зерттеу институттары, индустрия объектілері, кеңсе және іскерлік орталықтары, көрме алаңдары, оқу орындары, сондай-ақ көлік құралдары, кірме жолдар, тұрғындар кенті, күзет сияқты қызметі көрсететін объектілер біріктірілген мүліктік кешен. Технопарк құрудың мәні мамандардың жалпы кәсіби қызметін бірыңғай аумақта топтастыру болып табылады. Ғалымдар технопаркте ҒЗИ зерттеулер жүргізуге, оқу орындарында сабақ үрдісіне қатыса отырып, өз зерттеулерінің нәтижелерін енгізуге мүмкіндік алады. Технопаркті басқаруды сыртқы басқарушы компания жүзеге асырады.
4. Арнайы экономикалық аймақ. Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттіктің 8 технопаркінің бірі болып табылатын Алматы қаласы Алатау аулында орналасқан «Алатау» ЖШС Технопаркі аумағында «Инновациялық технологиялар паркінің» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Технопарктің тарихы 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылы 18 тамыз №1166 Жарлығымен «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақ құрылған уақыттан басталады. «Ақпараттық технологиялар Паркі» АЭА атауы 2011 жылдан бастап инновациялық технологиялар Паркі деп аталды.
Парктің Стратегиялық мақсаты – экономиканың «білім–ғылым–технология–өндіріс» басым қағидаты бойынша ғылыми-білім, жобалық-конструкторлық және өндірістік құрылымды біріктіретін жеткілікті инновациялық кластерді құру:
1. ақпараттық технологиялар;
2. жаңа материалдар;
3. баламалы энергетика;
4. мұнай-газ технологиясы;
5. электроника және аспап жасау;
6. ядролық технологиялар.

2. Қазақстанда арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) бар. АЭА жұмысы жергілікті көлік, жазықтық, арзан жер, басқа компаниялармен жергілікті байланыстар сияқты кездейсоқ факторларға емес, жергілікті факторларға негізделген. Таңдауларыңыз бойынша бір АЭА жұмысын талдаңыз.
(АЭА сілтеме https://business.gov.kz/kz/free-economic-zone/binding-zones-in-Kazakhstan/ )

а. АЭА артықшылығы неде, 2 мысал келтіріңіз;
b. АЭА кемшілігі неде, 2 мысал келтіріңіз;
c. АЭА болашағына 2 дәлел келтіре отырып, өз ұсынысыңызды беріңіз.

Решение:

1.

1) Мықты жақтары: Қазақстан халық саны бойынша 4-ші орынға ие болды.

2) Халық шаруашылығының құрылымы экономикалық жағынан Ресейге тәуелді болды

3) Табиғи ресурстарды шетелге шығару мүмкіндігі болды.

4) Өндіріс көлемі азайды

 

2.

а. арнайы жер бөлінеді

арнайы мамандар жұмылады

b. экологиялық мәселелер

жердің құнарсыз болып кетуі

c. арнайы зауыт-фабрикаларды салу

мықты мамандарды біріктіру