СОР № 1 География 10ЕМН класс Геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі
НазадГеоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі
Задание:
1.»Қарлы кесек» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. а. Геоэкологияның негізгі екі мақсатын атаңыз. b. Геоэкологиялық зерттеулердің негізгі принциптері қандай? c. Геоэкологиялық зерттеу әдістерін қандай топтарға бөлуге болады? d. Экожүйелік тұжырымдаманың мәні қандай? 2. Геоэкологиялық зерттеулердің мазмұны мен бағыттары туралы ақпараттарды ментальды картада бейнелеңіз. Ментальды карталарды құрудың негізгі принциптері: 1) Қағаз парағын алып, ортасында бір сөзбен картаға жазылған басты тақырыпты жазыңыз. Оны жабық циклге қосыңыз. 2) Орталық тақырыптан қосымша тақырыпшалар құрыңыз және онымен байланысты түйінді сөздерді орналастырыңыз. 3) Картаны кеңейтуді жалғастырып, тақырыптар таусылғанға дейін түйінді тармақтар мен қосалқы бөлімшелерді қосыңыз.
Решение:
а) Қазіргі кезде Геоэкологияның алдына қойған міндеттері: 1) ландшафтты сауықтыру, яғни табиғи ландшафтта әр түрлі аурулардың таралуы нәтижесінде болатын адамның науқастану қаупін жоюға бағытталған шараларды белгілеу; аурулардың табиғи ошақтарын зерттеу; ауру қоздырушы және таратушы түрлердің (микроорганизмдер, вирустар, т.б.) экологиясын зерттеу және оны қорғау; 2) бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру, яғни адамның іс-әрекетінің жағымсыз зардаптарынан, ландшафттың бүлінген бөліктерін халық шаруашылығына пайдалануға қайтару, т.б
б)Теория – бұл логикалық ұйымдастырылған білім, білімнің тұжырымдамалық жүйесі, ол шындықтың белгілі бір саласын барабар және тұтас бейнелейді. Ол келесі қасиеттерге ие: – теория – рационалды ойлау қызметінің бір түрі; – теория – шынайы білімнің біртұтас жүйесі; – теория фактілердің жиынтығын сипаттап қана қоймай, оларды түсіндіреді
с) Г еоэкологиялық зерттеулер әдістемесі жеткіліксіз дамыған. Оның негізінен пәндер аралық дәстүрлі ландшафты географиялық және экологиялық зерттеулер тәсілдері мен принциптер құрайды. Геоэкологиялық зерттеулер әдістерінің негізі далалық, тәжірибелік, сипаттамалар, салыстырулар мен модельдеу (үлгілеу) болып табылады.
д) Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақберу мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихиқалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экологиялық жүйелер туралы ұғымға алғаш рет 30-ы жылдары А. Тенсли (1935) түсініктеме жазды.
Геоэкология және табиғатты қорғау пәнінің маңызы — қазіргі уақытта шығарылып жатқан заңды жүзінде ат салысу. Бұл пәнді оқи отырып геожүйенің түсінігін, оның басты элементтерімен байланыстарын, айырмашылығын, экономикалық факторлардың жергілікті жерге әсерін біле отырып Қазақстанды геоэкологиялық аудандастырып, геоэкологиялық жағдайын білу.