СОР № 1 География 10ЕМН класс Геоэкологиялық аудандастыру

Назад
География - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Геоэкологиялық аудандастыру

Задание:

Мәтінді оқыңыз

а.Ормандардың азаюы байқалатын геоэкологиялық аймақтарды кескін картаға
белгілеңіз.

b.Аймақтарды экологиялық аудандастыру үшін төмендегі санаттардың қайсысына
жатқызар едіңіз, себебін түсіндіріңіз:
 қанағаттанарлық;
 алаңдаушылық;
 дағдарысты;
 сын көтермейтін (нашар)
Ормандардың жойылуының басты екі себебін көрсетіңіз.
1)
2)

Решение:

а)

б) Экологиялық және экономикалық аудандастыру дегеніміз — заттар мен энергияның табиғи және әлеуметтік айналымдары жүретін әлеуметтік — табиғи формациялардың бөлінуі. Экологиялық-экономикалық аймақтар белгілі бір территориядағы өндіріс, қоныстану, әлеуметтік, инфрақұрылымдық және табиғи элементтер арасындағы қалыптасатын байланыстарды қамтудың күрделілігімен сипатталады. Олар өзара байланысты және өзара әрекеттесетін экономикалық және табиғи компоненттердің кеңістіктік жүйелерінің түрін білдіреді

Ормандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты жобаларының іске асуы.

Халықтың тропикалық аймақтарға көшуін мысалы, Бразилияда (Амазонияны колонизациялау жобасын іске асыру үшін) ауыл шаруашылығы үшін жаңа жерлерді игеру мақсатында кейде үкімет деңгейінде қолдайды. Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде экспортқа шығару үшін мал шаруашылығын дамыту саясаты тропикалық ормандарға үлкен зиянын тигізді. Дамушы елдердегі кедей халық санының өсуі энергетикалық кризиспен бірге ормандардың жойылуының тағы бір себебі болып табылады.

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріндегі ауыл тұрғындарының шамамен 90%, қала халқының 30% негізінен ағаш отындарды пайдаланады. Коммерциялық орман дайындау жұмыстары әдетте қырқылған ағаш орнына ағаш егілмей, экологиялық талаптар орындалмай жүргізіледі.

БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы конференциясынан (1992 ж.) соң дамушы елдер орман ресурстарын сақтау проблемасы бойынша халықаралық келісімге дайын екендіктерін растады. 1993 жылы Бандунг қаласындағы (Индонезия) кездесуде әлемнің барлық климаттық аймақтарында орман шаруашылығының дамуын қамтамасыз ететін бағдарламалар жасау және оны бақылау туралы халықаралық комитет құру жөнінде ойлар айтылды.