СОР № 1 Всемирная История 10ЕМН класс Өркениеттер әрекеттестігінің сауда-экономикалық аясы

Назад
Всемирная История - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Өркениеттер әрекеттестігінің сауда-экономикалық аясы

Задание:

Төменде көрсетілген халықаралық экономикалық ұйымдарға сипаттама беріп, аталған ұйымдардың әлемдік экономикалық жүйедегі рөлін ажыратыңыз.

«Халықаралық экономикалық ұйымдар» сөз тіркесіне сипаттама беріңіз.
___________________________
Әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың рөлі қандай?
_________________________________
Әлемдік экономикалық ұйымдардың қызметі қандай?

Решение:

1)Халықаралық экономикалық ұйымдар — елдердің белгілі бір топтарын біріктіретін, ал кейбіреулері әлемнің барлық елдерін дерлік біріктіретін және тауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің халықаралық қозғалысының дамуын реттеу, олардың осы мекемелерге қатысушы елдердің мүдделері үшін өсуіне жәрдемдесу мақсатын көздейтін халықаралық Үкіметаралық ұйымдар.

2)Халықаралық ұйымдар — мемлекеттердің немесе олардың құрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, ұлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін құрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады.

3)Мемлекеттер бұл ұйымдарға мүшелігін өздерінің сыртқы экономикалық саясаттары мен қызметтерінің басты бағыттарының бірі деп қарастырады. Мұндай ұйымдар  үкіметтердің ерекше қамқорлығында: әрбір мемлекеттің сыртқы істер министрлігі құрамында халықаралық ұйымдармен шұғылданатын бөлімдер бар, халықаралык, үкіметаралық ұйымдарға төленетін мүшелік жарна мемлекеттік бюджеттің сыртқы саяси және сыртқы экономика­лық, қызметіне арналған бабының қомақты бөлігіне ие болуда.