СОР № 1 Всемирная История 10ЕМН класс Ежелгі әлем өркениеті
НазадЕжелгі әлем өркениеті
Задание:
Кестені толтырыңыз
Решение:
Африка империялары — орта ғасырларда Африка құрлығында құрылған мемлекеттер мен мемлекеттік бірлестіктер. Ежелгі Африка елдерінің тарихы бұрын жүйелі де түбегейлі зерттелген жоқ. Солтүстік Африканың, әсіресе, Мысыр тарихы біршама тәуір зерттелгенімен, Сахараның оңтүстігіндегі халықтар тарихы әлі де толық мәлім емес. 20 ғасырдың 50 — 60 жылдарында жүргізілген археологиялық және палеонтропологиялық зерттеулердің нәтижесінде Африка құрлығынан таңғаларлық жаңалықтар ашылды. Ағылшын ғалымы Л.Лики Танзаниядағы (Шығыс Африка) Эяси көліне таяу жердегі Олдовай шатқалынан адам тәрізді тіршілік иесінің қаңқасын тапты (қазақша Африкантроп). Тым қарапайым еңбек құралдарын пайдаланған бұл тіршілік иелері. Шығыс Африка, Солтүстік Африка, Кения аймақтарында, Сахарада осыдан шамамен 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Бұл жаңалық әлем ғалымдарына Африканы адамзат баласының алғаш дүниеге келген, эвол. жолмен жетілген мекені деп есептеуіне негіз болды. Солтүстік Африкадан тас дәуіріндегі дамудың барлық кезеңіне тән мәдени ошақтар ашылды.