СОР № 1 Всемирная История 10ЕМН класс Ежелгі әлем өркениеті

Назад
Всемирная История - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Ежелгі әлем өркениеті

Задание:

1. «Әлемдік діндер» деген ұғымды қалай түсінесіз? Суретте берілген діндерді анықтаңыз.

Діндердің пайда болуы қандай тарихи тұлғалардың есімімен байланысты?
________________________________________________________________________________
2. Картадан әлемдік діндердің таралу аймағын көрсетіңіз.

Решение:

Әлемдік діндер — қазіргі дінтануда буддизмхристиандық және исламды әрқайсысына тән белгілеріне сай жинақтап көрсету: а) қазіргі кезде бір аймақтан немесе құрлық аумағынан шығып, кең таралуына орай; ә) осы діндердің кез келгеніне кіруге тайпалық, рулық, этноұлттық және кастакландық шектеулердің болмауы; б) діннің негізін қалаушылардың рөлі (БуддаИисус ХристосМұхаммед); в) діни-наным ырымдарының салыстырмалы түрде қарапайымдылығы; г) діни уағыздарында жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануды наным-сенімнің аса маңызды көрінісіндей бағалау; ғ) бұл діндердің ресми құжаттарында, мойындалған дінбасыларының уағыздарында дінаралық сыйласымдылыққа, ұстамдылыққа, өркениеттің ғаламдық мәселелерін (жаппай қыру қаруына тыйым салу және жою, мемлекетаралық қайшылықтарды шешуде бейбіт жолды таңдау, экологиялық апаттардың алдын алу, ашаршылықпен және індеттермен, соның ішінде, «өркениеттік» індеттермен — СПИД-пен, наркоманиямен, алкоголизмментоксикоманиямен және т.б. күресу) бірлесіп шешуге шақыратын үндеулердің болуы шарт және дінге сенушілердің осы діннің саясатын қолдауға шақыратын мерзімдік іс-шаралары әткізіліп отырылуы керек.