СОР № 1 Всемирная История 10ЕМН класс Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы

Назад
Всемирная История - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы

Задание:

1. Терминге сипаттама беріңіз
Деструктивті діни ағымдар
_________________________________________________________________________
Секта
__________________________________________________________________________
2. Деструктивті («бүлдіргіш» деген мағынаны білдіреді) діни ағымдар – азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін діни ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімнің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді. Кейбір деструктивті діни ағым мүшелері отансүйгіштік, ұлтжандылық сезімдерін бағаламай, мемлекеттік рәміздерді мойындамай, әскери борышқа салғырт қарайды. Тіпті білікті дәрігерлердің көмегіне жүгінуден бас тартып, балаларының зайырлы білім алуына қарсылық көрсететіндері де бар. Деструктивтілікті анықтайтын бұл тізімді жалғастыра беруге болады. «Бүгінгі таңда елімізде ақпарат құралдарынан беріліп отырған деструктивті діни ағымдардың қызметі жайлы мәліметтерге көңіл аудару азаматтық міндетіміз болып есептеледі. Деструктивті діни ағымдардың қызметі тек жеке азаматтардың өміріне ғана зардабын тигізіп қоймай, еліміздің ішкі тұрақтылығы мен ұлтаралық және конфессияаралық келісім саясатына да зардабын тигізуде. Әлем елдері қазір түрлі ағымдар адамдардың санасын жаулау арқылы екі түрлі мақсатты көздейтінін мойындап отыр. Біріншісі – мол пайда табу, заңсыз қару-жарақ пен есірткі тасымалы болса, екіншісі – мемлекет мүддесіне нұқсан келтіру арқылы билікті басып алу. Олай болатыны, аталмыш ағымдардың онсыз да мұсылман елдерінде және бейкүнә адамдар мен қорғаныс күштеріне қарсы күрес жүргізуі болып отыр. Бұл өз кезегінде үлкен қайшылық болып табылады. Деструктивті ұйымдарға қарсы күрестің бірден бір жолы – олар туралы көптеген кітаптар, фильмдер және жастардың ғаламтор беттерін көптеп пайдалануына байланысты сол экстремистік ағымдар туралы көптеген бейнероликтерді қою керек. Дәстүрлі дініміз – Ислам туралы көптеп мағлұмат беру керек. Ислам – бұл өз-өзін Құдайдың жолында жарып жіберу емес, керісінше басқа адамдарды аман алып қалу екенін көрсету керек. Деструктивті діни ағымдардың қоғамға және мемлекетке тигізер зияны қандай болуы мүмкін? ________________________________________________________________________________ Деструктивті діни ағымдардың қаупінен қалай қорғануға болады? ________________________________________________________________________________
Қорытынды_____________________________________________________________________

Решение:

Секта деп негізінен дәстүрлі емес діни ағымдарды айтады, мысалы мен бір діни ағым шығарып  оған адамдарды тартсам ол секта болып есептеледі

Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатер төндіреді.