СОР № 1 Всемирная История 10ЕМН класс Өркениеттер әрекеттестігінің әскери-саяси аясы
НазадӨркениеттер әрекеттестігінің әскери-саяси аясы
Задание:
1. Ақпаратпен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында империализм концепциясы, яғни мемлекеттің ұлылығын отарлық басқыншылықтардың есебінен қамтамасыз ету жүйесі жасалды. Бұл саясат өзін-өзі толығымен ақтады деуге болады. Отарлардағы барлық құндылық метрополияға ағылып жатты. Батыс державаларының әскерлері жер шарының барлық бөлігінде әрекет жасады. Отар жерлерді жаулап алу бәсекесіне енді Германия, Италия, АҚШ, Ресей, Жапония араласты. Әлемді қайта бөліске салу І Дүниежүзілік соғысты туғызды. Ал бұл болса империялық саясаттың өзгеруіне әкелді. Яғни, күшті экономика және саяси ықпалдылықты қамтамасыз ету үшін теңіздің арғы жағында үлкен отарлық аймақтардың болуы міндетті еместігі анықталды. АҚШ отарлы империя болмай-ақ соғыстан көп зиян шекпеуі есебінен батыс әлеміндегі Ұлы Британияның жетекші рөлінен ығыстырып шыға бастады. Ал 1939-1945 жылдардығы II Дүниежүзілік соғыстағы жеңісінен соң, АҚШ «ескі әлемде» Латын Америкасындағыдай саясат жүргізуге болатындығын іштей сезінді. II Дүниежүзілік соғыс кезінде нацизмді жеңу жолында КСРО-ның атқарған рөлі жоғары болатын. Бұл жағдай Еуропа мен Азияның көп бөлігінде КСРО-ның ықпалының артуына септігін тигізді. Кейінірек бұл бедел советтік идеялардың әлемнің басқа да бөлігіне таралуына әсер етті. Нәтижесінде әлемде екі полюстік жүйе қалыптасты. 1991 жылы Кеңес империясы ыдырады. КСРО мен АҚШ арасындағы 50 жылға созылған «қырғи-қабақ» соғыс аяқталды. Екі полюстік жүйенің біреуі ғана қалды. Алайда, АҚШ осыны пайдаланып, өзінің империялық статусынан бас тартқысы келмеді. Керісінше АҚШ жаңа қалыптасқан бір полярлы жүйені өзінің уысына қыса түсті. АҚШ жақын арада жалғыз империя дәрежесінен айырылуы әбден ықтимал. Өйткені, өте тез, шапшаң дамыған Қытай ертегідегі Алпамыстай сағат санап өсіп, күннен күнге күшейіп келе жатыр. Қытайдың бұрыннан келе жатқан түпкі мақсаты – өз «полисін» құру болғанын ескерсек, әлі алда талай текетірестер шоғыры күтіп тұр деп батыл болжам жасай беруге болады. «1 миллиардтан астам халқы бар елмен әлем санасуы керек» деген амбицияға сүйенген Үндістан да ядролық қаруға ие болып, ұлы державаға айналу үстінде.
http://e-history.kz/kz/publications/view/3257 e-history.kz Алпауыт елдердің экспансиялық саясат жүргізуінің мақсаты неде болды?
________________________________________________________________________________
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отарлық жүйенің іргесінің сөгілуіне себепкер болған қандай жағдайлар болды?
________________________________________________________________________________
Бұрын отар болған дамушы елдердің қазіргі кедейшілік жағдайында өмір сүруінің себебі неде?
«Қазіргі әлемде отарлық экспансияның формасы өзгерді» деген сөз тіркесін қалай түсінесіз?
______________________________
Решение:
Кедейлік – жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы, яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы. Кедейлік салыстырмалы түрде белгілі бір қоғамдағы тұрмыстың деңгейіне, қоғамдық байлықтың бөлінуіне байланысты болатын процесс. Оның пайда болуының негізгі себептері – саяси, экономикалық және демографиялық жағдайлар, саяси-экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, жалақы мен зейнетақының күнкөріс минимумынан төмендігі, халықтың әлеуметтік тұрғыдан нашар қорғалуы.