СОР № 1 Всемирная История 10ЕМН класс Өркениеттер әрекеттестігінің әскери-саяси аясы
НазадӨркениеттер әрекеттестігінің әскери-саяси аясы
Задание:
Мәтінмен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз. «Қырғи қабақ соғысы» — 1945-1991 ж. аралығында әлемдегі екі саяси жүйедегі аса ірі мемлекеттер КСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық саясат. ІІ дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Гитлерге қарсы одақ ыдырап, КСРО мен АҚШ басшылары дүниежүзін қайта саяси бөліске салды. КСРО Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне социалистік жүйені енгізді. Ал АҚШ бастаған Батыс Еуропа елдері “коммунистік ағымды” әлемге таратпауға, бұрынғы жүйені сақтап қалуға тырысты. АҚШ пен Батыс Еуропа елдері КСРО мен социалистік жүйеге қарсы тұру үшін НАТО соғыс блогіне бірікті. Ал КСРО бастаған социалистік елдер Варшава шартын құрды. Екі жақ та жанталаса қаруланып, ядролық, химиялық, биологиялық қарулар жасауға кірісті. Екі жүйенің бақталастығы қоғамның барлық салаларында (ғылымда, өндірісте, баспасөзде, өнерде, т.б.) жалғасып жатты. Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары соғыс мақсатына бағытталды. Идеологиялық мақсатта әртүрлі радиостанциялар ашылды (“Америка дауысы”, “Азаттық”, т.б.). Екі саяси жүйе арасындағы текетірес нәтижесінде Кореяда, Вьетнамда, Ауғанстанда, Таяу Шығыс, Латын Америкасы және Африка елдерінде әскери қақтығыстар жиі болып тұрды. Нәтижесінде социалистік жүйе дағдарысқа ұшырап, 1985 ж. Кеңес Одағында басталған қайта құру саясатынан кейін социалистік елдер нарықтық қатынастарға көше бастады. 1991 ж. КСРО-ның тарауымен «Қырғи Қабақ» соғыс аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыстан бастап, Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған «батыс мемлекеттерінің» және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі. II Дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ пен КСРО арасында «қырғи-қабақ» соғыстың қалыптасуының себептері неде болды? ________________________________________________________________________________
«Қырғи-қабақ» соғыс жылдарында болған жергілікті қақтығыстардың салдары қандай болды?
________________________________________________________________________________
«КСРО-ның ыдырауымен Қырғи-қабақ соғыс аяқталды» деген ұстаныммен келісесіз бе?
________________________________________________________________________________
Қорытынды
__________________
Решение:
Қырғи қабақ соғысы» — 1945 — 1991 ж. аралығында әлемдегі екі саяси жүйедегі аса ірі мемлекеттер КСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық саясат.