СОР № 1 Всемирная История 10ЕМН класс Әлемнің этникалық картасы: өткен заманда және қазіргі уақытта

Назад
Всемирная История - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Әлемнің этникалық картасы: өткен заманда және қазіргі уақытта

Задание:

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Халықтардың ұлы қоныс аударуына б.з. І ғасырында қазіргі Қытайдың солтүстік-батысында өмір сүрген ғұн тайпалары себепкер болды. Ғұндар Қытайдың қысымынан ығысып, Батысқа қарай көше бастады. Ғұндар өз жолында кездескен халықтар мен тайпаларды күшпен бағындырып, жаңа державаның қалыптасуына себепкер болды. Ғұндар бүкіл Шығыс Еуропаны ойрандап, Рим империясының шекарасына дейін жақындады, шапқыншылықтардың жойқын болғаны соншалықты кейбір аз санды тайпалар мүлде тарих сахнасынан жоғалып кетті.
Ұлы географиялық ашылулар кезінде еуропалықтар Америка мен Азияның әртүрлі бөліктерінде өздерінің отарлық иеліктерінің негізін қалап жергілікті халықтарды аяусыз қырғынға ұшыратты. Мысалы, ағылшындар Солтүстік Американы отарлау кезінде жергілікті үндіс тайпаларын қырғынға ұшыратқаны соншалықты кейбір семинол, могикан гурон сынды
26
тайпалар мүлде жойылып кетті. Отарлаушылар өздерінің дінін, мәдениетін жергілікті халықтарға күшпен таңып, олардың этникалық біртектілігін бұзды. Географиялық ашылулар кезінде құл саудасы барынша өркендеп, еуропалықтар Африка халықтарын Америка құрлығына тасып жатты, бұның нәтижесінде миллиондаған африкалықтар бөтен континентте өз тілінен, діні мен мәдени-ұлттық ерекшеліктерінен айрылды. Еуропалықтар басқыншылық кезінде жергілікті халықтарды ассимиляциялау саясатын шебер жүргізді. Еуропалық мектептер ашылып, миссионерлер жергілікті халықтар арасында христиандықты таратты.
Қазіргі жаһандану кезеңінде де батыстық өмір сүру салты мен дәстүрлері бүкіл әлемде белсенді көрініс тауып келеді. Әртүрлі құрлықтарда өзінің ұлттық тарихи ерекшеліктерінен түбегейлі айрылып қалған ұлттар әлем картасында көп кездеседі. (филиппиндіктер, корейлер христиандықты ұстанады, үнділер арасында христиандық кең таралған, Африка құрлығында өз тілінен айрылып, ағылшын тілінде сөйлейтін, христиандықты ұстанатын мемлекеттер бар)
Саны аз халықтардың жойылып кетуінің басты себептері неде деп ойлайсыз?
________________________________________________________________________________
Аз санды халықтардың ассимиляцияға ұшырау себептері неде?
________________________________________________________

Решение:

Халықтың туу мөлшерінің төмендігі