СОР № 1 Всемирная История 10ЕМН класс Саяси режимдердің типтері
НазадСаяси режимдердің типтері
Задание:
Дерекпен танысып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. XX ғасырдың 80-жылдарының соңында КСРО-да орын алған экономикалық-әлеуметтік құлдырау саяси дағдарыстың қалыптасуына түрткі болды. КСРО-ның ыдырауы орталық одақтық өкiмет және одақтас республикалардың жоғарғы кеңестері, президенттері орындарына жаңа сайланған өкiмет өкiлдерінiң арасындағы өткiр қарсы тұрумен бейнелендi. Республикалық жоғарғы кеңестер 1989-1990 жылдары барлығы бірдей мемлекеттiк егемендiк туралы декларацияларын қабылдап, кейбiреулері — тәуелсiздiк декларациясын жариялады. КСРО-ның 15 республикасының 9-ында 1991 жылдың 17 наурызында азаматтардың үштен екiсi жаңартылған одақтың сақталуын шешу мақсатында Бүкiлодақтық референдум жүргiзiлдi. Бірақ орталық өкiметке ахуалды тұрақтандырудың сәтi түспедi. Сәтi түспеген мемлекеттiк төңкерістің нәтижесі Балтық жағалауы республикаларының тәуелсiздiгiн ресми мойындау болды. Украина тәуелсiздiгi жарияланған Бүкiл Украиналық референдумнан кейiн КСРО-ны сақтау мүмкiн емес болды. Беларуссия, Украина және Ресей Федерациясы 1991 жылдың 8 желтоқсан күні қол қойған Тәуелсiз мемлекеттердiң достастығын құру туралы келiсiмде мәлiмдеген. КСРО ресми түрде 1991 жылдың 26 желтоқсанында өмір сүруін тоқтатты. КСРО құрамында болған Балтық жағалауы елдері тоталитарлық жүйеден бас тартып, демократиялық басқару жүйесіне ауыса бастады. Бұндай көрініс бұрын социалистік лагерь құрамында болған Шығыс Еуропа елдерінде де көрініс тапты. Социалистік жүйедегі Югославия ыдыраған соң оның орнына бірқатар тәуелсіз мемлекеттер қалыптасып, барлығы дерлік демократиялық жүйені орнықтыра бастады. XX ғасырдың соңында тоталитарлық режимдердің күйреуінің себептері неде? ________________________________________________________________________________ Бұрын социалистік лагерьде болған қатал тоталитарлық басқару нысанымен өмір сүрген Чехия, Словакия, Венгрия, Польша елдерінің демократиялық жүйеге ауысуының себебі неде? ________________________________________________________________________________
Тоталитарлық саяси режимнен қазіргі замандағы демократияға ауысудың ерекшеліктері қандай болды? (КСРО мен Югославияны құрамындағы республикаларды салыстырыңыз).
________________________________________________________________________________
Бұрынғы тоталитарлық режимнен демократиялық жүйеге ауысудың зардаптары қандай болды?
Решение:
Тоталитаризм (лат. тоталіс – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.[1]