СОР № 1 Физика 10ЕМН класс Шамның қыл сымының, резистордың және жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы
НазадШамның қыл сымының, резистордың және жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы
Задание:
Құрал-жабдықтар: ток көзі — 4 В, жалғағыш сымдар, вольтметр, амперметр, 2 мультиметр, диод, қыздыру шамы, кедергісі белгілі резистор, реостат, кілт
Жұмысты орындауға нұсқау:
1. Берілген құралдарды қолданып, берілген үш түрлі өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын анықтауға арналған жұмысты жоспарлаңыз;
2. Жұмысты орындауға қажетті электр тізбегінің сызбасын сызыңыз;
3. Алынған мәліметтерді енгізуге арналған кесте сызыңыз;
4. Сызба бойынша электр тізбегін құрастырыңыз және мұғалімге тексертіңіз;
5. Әр өткізгішті пайдаланып, жұмысты орындаңыз;
6. Деректер бойынша, әр өткізгіш үшін вольт-амперлік тәуелділік графигін сызыңыз;
7. Нәтижелерді салыстырып, бағалаңыз