СОР № 1 География 10ОГН класс Табиғатты пайдалану түрлері

Назад
География - 10ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Табиғатты пайдалану түрлері

Задание:

1.Мәтінді оқыңыз.
Адамдардың табиғаттың экономикалық, экологиялық, мәдени, сауықтыру пайдалы қасиеттерін пайдалану мүмкіншілігін табиғат пайдалану деп түсінеміз. Осыған байланысты табиғатты пайдаланудың үш түрін: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік түрлерін ажыратуға болады. Табиғатты пайдалану сипаты жалпы және арнайы болуы мүмкін. Жалпы табиғат пайдалану арнайы рұқсатты қажет етпейді. Ол адамдардың табиғи қажеттілігін жән өмір сүру, еңбек ету, демалу құқықытарының негізінде жүзеге асырылады. Арнайы табиғат пайдалану физикалық және заңды тұлғалардың арнайы өкілетті орындардан рұқсат алуын талап етеді. Бұл да табиғат ресурстарының шектеулілігінің көрінісі. Ресурстар шектеусіз, сарқылмайтын болса және оларды тұтынуға алдын-ала дайындау қажет болмаса, рұқсат алудың да қажеті болмас еді. Арнайы табиғат пайдалану мақсатты болады және пайдаланатын ресурс түріне байланысты жерді пайдалану, суды, орманды, пайдалы қазбаларды, жабайы өсімдіктрді, жануарларды, құстарды, атмосфера ауасын пайдалану болып бөлінеді.
а. «Табиғатты пайдалану» ұғымын сипаттаңыз.
b. Табиғаттың сіздің өміріңіздегі рөлін 2 мысалмен түсіндіріңіз.
2.Табиғатты пайдаланудың түрлерін сызба ретінде көрсетіңіз.

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра