СОР № 1 Всемирная История 10ОГН класс Этносаралық қатынастар: бейбіт өзара әрекеттестіктің тәсілдері

Назад
Всемирная История - 10ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Этносаралық қатынастар: бейбіт өзара әрекеттестіктің тәсілдері

Задание:

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы мәтінмен танысып, төмендегі кестені толтырыңыз.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы»
Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарады.
ҚХА басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.
Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Сонымен қатар ҚХА мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно-мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді

Решение:

Қорытынды:Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно-мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдерін сақтап қалуға көмектеседі. Еліміздің дамып өркендеуіне көп көмегін тигізуде