СОР № 1 Всемирная История 10ОГН класс Антикалық кезеңдегі әлемдік империялардың қалыптасуы

Назад
Всемирная История - 10ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Антикалық кезеңдегі әлемдік империялардың қалыптасуы

Задание:

Антика дәуіріндегі империялардың пайда болу себептері мен салдарларын кестеге толтырыңыз.

Решение:

Пайда болу себептері —Б.д.д. І-ІІ  мың жылдықтарда Шығыста аса қуатты Ассирия мемлекеті құрылды. Оның орталығы Қосөзен аралығында орналасты. Ауызбіршілігі нығайып, қарымы қатайған Ассирия бұған дейінгі айналасына аты шығып, даңқы дүркіреген Вавилон, Элам, Мысыр, Израил секілді державалардың қабырғасын сындырып, ордасын талқандады. Бірақ, б.д.д. 612-інші  жылы Ассирияға да Алланың зауалы келіп жетті. Оның бір заманда өзі бағындырып, боданы қылған көрші елдері астыртын бірігіп, Ассирияның астынан ор қаза бастады.  Аңдыған жау алмай қойсын ба? Ақыры Ассирияны сол орға құлатып тынады.

 

Салдары—Б.з. Ы-ЫЫ ғасырларында Рим империясы өзінің даму шыңына шықты. Сол тұста құлиеленушілік құрылыста ең жоғарғы сатысына көтерілді. Алайда б.з.-дың ЫЫ ғасырының аяғынан бастап экономикада үлкен қиыншылықтар орын алды. Құлдар мен колондар қатты қаналды. Зорлық-зомбылық олардың еңбекке деген ынтасын жойды. Жұқпалы аурулар кеңінен тарап, оларды жаппай өлімге алып келіп соқты. Еркін шаруалар жұтады. Құлдар мен колондардың жалпы саны қысқарды. Орасан көп жерлер өңделмей қалды. Батпақты жерлер ұлғайды, жыртатын жерлерді орман басты. Қолөнершілер шеберханаларын тастап, ірі иеліктерге кетті. Кен өндіру мен сауда қысқарды. Б.з.-дың ЫЫЫ ғасырында ақша айналысында құнды металдар тым азайып кетті. Бай адамдар алтын-күмістерін құпия ұстады.