СОР № 1 История Казахстана 10ОГН класс Ұлы Дала өркениеті

Назад
История Казахстана - 10ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Ұлы Дала өркениеті

Задание:

Берілген мәтінді пайдаланып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Орталық Азия аумағындағы тарихи-мұраны алты мың жылғы даму шеңберінде алып қарасақ, олар төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:
Бірінші кезең. Бүкіл Орталық Азия аумағын мал баққан ежелгі арийлердің сансыз көп тайпаларының игеруі. Қара теңіз бен Еділ өңіріндегі Срубная мәдениеті, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан аймақтарындағы Андронов мәдениеті және Алтайдан шығысқа қарай созылып жатқан Афанасьев мәдениеттері сол замандағы халықтың рухын бейнелейтін материалдық айғақтар болып табылады.
Екінші кезең. Сақ, Савромат, Киммер патшалықтар кезеңі.
Үшінші кезең – Арғы Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Кушан мемлекеттері орын алады. Ежелгі ведалық үштік үрдісі: Тәңірі-Аспан, Жер-Су, Ұмай-мәңгілік ана.
Төртінші кезең – Түркі қағанаты – Мәңгілік Ел бой көтерді. Бұл үшінші империя — Байкалдан Каспийге дейінгі аймақты қамтыды. Түркі ұлттық рухының осынау тегеуріні Күлтегін құлпытасында – өзінің табиғи жалғасын тапты. Сол замандағы оның рухани аспанында жарқырап көрінген үш жарық жұлдыз: Сыр бойында — Әл-Фараби, Жетісуда — Жүсіп Баласағұн және Махмұд Қашғари. Әл-Фараби Орталық Азияда Гректің Платоны рөлін атқарды. Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білігі» — Қазақстан мен Орта Азиядағы түркі тілдес халықтардың бізге жеткен ең тұңғыш зайырлық шығармасы, Махмұд Қашқаридан қалған түркі тілдерінің «Диуани лұғат–ат–түрік» сөздігі – XI ғасырдағы түркінің ең тұңғыш энциклопедиясы.
Бесінші кезең. Орталық Азияның тарихы Шыңғыс әулетінің көтерілуінен басталды. Бұл кезеңнің басында атақты Майқы би дүниеге келді. Ел аузындағы аңызға қарағанда ол біздің тарихымыздағы билер институтының түп атасы. Бар қазақтың басын біріктіруге жұмылған Майқы би әйгілі қазақ шежіренамасының негізін қалаушы болды.
Ел аузындағы аңыз бойынша халықтың санасына үш жүздің бас таңбаларын тасқа қашаған сол кісі екен дейді.
Осы кезден бастап іс жүзінде тегі басқа ақсүйектердің екі тармағы – төрелер мен қожалар – түркілердің ру-тайпалық ақсүйектерінен биіктеу мәртебе алды да, оларды саяси және рухани биліктен ада қылды. Төрелер Шыңғыс әулетінің ұрпақтары, ал қожалар Мұхаммед пен оның үмбеттерінен тараған рухани биліктің иелері. Уақыт өте келе, бұл екі тармақ өкілдерінің өздері де жергілікті халықпен кірігіп, олардың әдет-ғұрпын, дәстүрін қабылдап, қазақ халқының жалпы руханиятына сіңісіп кетті.
Алтыншы кезең. Көшпелілік өркениетінің құлдырау кезеңі. Алғаш қазақ хандығы құрылған кезең. Шамамен 1465-1466 жылдардан бастап, жалпыхалықтық руханияттың табиғи дамуының негізі қаланды.

Біріншіден, халық рухының ұшқыны ақындардың, сазгерлер мен айтқыш абыздардың жырларынан көрінді. Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау шығармаларында шынайы қазақ руханияты қалыптасып дамыды.
Екіншіден, нақ осы уақытта, Жәнібек пен Керей хандар Жетісуға көшіп келіп, ел басқара бастағаннан кейін, қазақ өзінің тарихи төл атымен атала бастады.
Үшіншіден, XVII ғасырдың бірінші жартысында үш жүздің үш ұлы биі – Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би – Тәуке ханмен бірге «Жеті жарғы» атты тарихи құжатты қабылдады.
Жетінші кезең. Біздің жерімізге басып кірген жоңғарлармен соғыс басталды. «Ақтабан шұбырындыдан» қазақ халқы қайта еңсе көтерді. Ұлтты қорғаушылар қатарына Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және солар сияқты ұлттың жауынгерлік рухын көтерген жарқын тұлғалы ерлер келіп қосылды.
Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай хан тұсында ерекше бейнеленді. Батырлармен тізе қосып, қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды.
Сегізінші кезең – Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арынды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Төрелер мен қожалардың билігі ыдырады, олардың үңірейіп бос тұрған орындарына ешкім отырған жоқ. Ресей патшалығы да әлсіреді. Сол кезде қазақтарда өз мемлекетін құру үміті тағы да ояна бастады. Негізгі түйін ойлары Пантюркизм мен Панисламизммен қаруланған Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар болды. Қалай болғанда да, Алашорданың игілікті ісі өте қайғылы аяқталды. Қазақтың оқыған жас өкілдерінің осынау ыстық жігері, ұлттық рухы сол кезде қалыптасқан жағдайлардың себебінен өмірде іс жүзінде аса алмады. Сөйтіп, 1917 жылдан 1920 жылға дейін қазақтың ұлттық рухы ауыр езгінің астына түсті. Қазақстан – КСРО-ның құрамына кірді.
Тоғызыншы кезең – Ол халық рухының бұрқ етіп, сыртқа лықсуымен ерекшеленеді: 1986 жылдың желтоқсан оқиғасы тарихымызда мәңгі қалды. Бірақ онда рухтан гөрі саясат басым болды. Тәуелсіз Қазақ мемлекеті жарияланды.
Дереккөзі: Б.Ғ. Нұғман, С.Д. Шаймұқанова. Ұлы дала өркениеті. Қарағанды 2009, 5-13 беттер.
«Ұлы Дала» өркениеті ұғымын қалай түсінесіз?
«Ұлы Дала» өркениеті кезеңдерін уақыт сызығына орналастырыңыз.

Уақыт сызығы
«Ұлы Дала» өркениетінің қалыптасу кезеңдерін, дүниежүзі тарихымен байланыстырып түсіндіріңіз.

Решение:

Ұлы дала өркениеті

 

Қару-жарақ – қай елдің де мәдениетінің, соғыс өнерінің ерекше құбылысы. Ал қазақ халқының қару-жарақ жүйесі – ғасырлар бойы қалыптасқан, жүйеленген мәдиенет көрсеткішіҚазақтың дәстүрлі қару-жарақ жүйесінің тарихы тереңде. Жалпы қару-жарақтың пайда болуы мен оның қолданылу тарихы өте ертеден басталса, Ұлы Даланы мекен еткен көне халықтардың қару-жарағына тән белгілер б.з.д. І мыңжылдықта қалыптаса Әр түрлі дереккөздер, археологиялық қазбалар мен басқа да материалдар қазақ халқының арғы түбі саналатын сақтардың әскери ісінің деңгейі, жауынгерлік өнері өте биік дәрежеде болғанын көрсетеді.