СОР № 1 История Казахстана 10ОГН класс Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы
НазадТәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы
Задание:
Берілген әлемдік саясаткерлердің цитаталарын қолдана отырып, берілген сұраққа жауап беріңіз.
Джордж Буш, АҚШ-тың экс-президенті (1989-1993жж.):
«Сіздің «ядросыз әлем» жобаңыз бұл – жаһандық саясаттағы ешкім қайталай алмайтын қадам болды. Мен және Америка халқы Сізге және Қазақстан халқына қашанда ілтипатымыз ерекше. Сіздің қиын-қыстау кезеңдердегі ұстанған саяси және экономикалық реформаларыңыз – әлемдік саясаттағы үлкен жетістік деп білеміз».
Барак Обама, АҚШ-тың экс-президенті:
«Президент Назарбаев әлемдік саясаттағы ең беделді тұлғалардың бірі. Оның «Ядролық қарусыз әлем» жобасы — әлем көшбасшыларын таң қалдырған жоба болды. Қазақстан – ядролық қарудан өз еркімен бас тарта отырып, әлемдегі ең бейбіт, тұрақты мемлекет құрудың жарқын үлгісі болды».
Владимир Путин, Ресей Президенті:
«Нұрсұлтан Әбішұлы саясатқа ерте келген. Ол – сонау кеңестік кезеңдегі биліктің өкілі. Мені таң қалдыратыны – ерте уақыттан бері саясатта жүргенімен – ол өте жаңашыл адам. Мен күні бүгінге дейін оның осы жаңашылдығына қайран қаламын. Мен жақында Нұрсұлтан Әбішұлының жаңа қасиетін таныдым. Ол даулы, шешімі қиын жағдайларда – сентименталды адам бола алады».
Пан Ги Мун, БҰҰ бас хатшысы (2007-2016 жж)
«Президент Назарбаев – әлемдік саясаттағы бітімгер саясаткер. Оның саяси шешімдері әлем басшылары үшін үлгі болуы тиіс».
Маргарет Тэтчер, Ұлыбритания премьер-министрі (1979-1990жж.):
«Қазір жаһандық саясатта 5-6 ірі саяси ойыншылар бар. Солардың бірі – Нұрсұлтан Назарбаев. Мен оған қатты сенемін және оның бастамаларын қолдаймын».
Ислам Каримов, Өзбекстанның экс-Президенті (1991-2016 жж)
«Мен білемін, дүниеде ерекше жаратылған адамдар болады. Олардың ақылы жыл ұзарған сайын арта береді. Қарапайым адамдарда қартайған сайын жадынан жаңылып, қарттықтың көлеңкесіне сүйенеді. Ал дара туғандар керісінше болады. Оларға Алла Тағала даналық берген. Олар Алланың ерекше сүйген құлдарынан болса керек-ті. Президент Назарбаев осындай азамат!»
Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік келбетін қалыптастырудағы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі қандай?
Решение:
Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаушы ретіндегі ерен еңбектері жайында айтқанда … Қазақстанның осы және басқа көптеген жетістіктері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.