СОР № 1 Основы права 10ОГН класс Қылмыстық процесс субъектілері
НазадҚылмыстық процесс субъектілері
Задание:
Төменде берілген мәтінмен танысып, қылмыстық процеске қатысатын субъектілерді қызметтері бойынша кестеге топтастырыңыз.
Қылмыстық процесс — күрделі процесс, оған әртүрлі адамдар қатысады. Қылмысқа қатысушыларды үш топқа бөлуге болады.
1. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар. Оларға сот және мемлекеттік органдар мен қылмыстық қудалау қызметін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар жатады (прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы).
2. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар (күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айыпталушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кімелеттік жасқа толмаған айыпталушының (күдіктінің) заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушының өкілдері, азаматтық жауапкердің өкілдері).
3. Қылмыстық процеске қатысушылардың үшінші тобын шартты түрде үш шағын топқа бөлуге болады.
Бірінші топ — дәлелдемелер ұсыну бойынша міндеттерін орындайтын процеске қатысушылар. Оларға: куәгерлер мен сарапшылар жатады;
Екінші топ — іс жүргізу әрекеттеріне жәрдемдесу үшін тартылатын процеске қатысушылар. Олар: куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот отырысының хатшылары, кепілшілер, тану жүргізетін статистер және т.б.
Үшінші шағын топ — сот шешімдерін орындауға қатысатын мекемелер мен ұйымдар және соған орай үкімді орындау кезінде туындайтын іс жүргізу мәселелерін шешуі қатысатындар. Бұл топты: үкімдер мен қаулыларды нақтылы орындауды жүзеге асыратын әкімшілік өкілдері, сотталушының науқастануы, мүгедектігі немесе ауруханаға орналастыру бойынша комиссияның өкілдері және т.б. құрайды.