СОР № 1 Информатика 11ЕМН класс Жасанды интеллект

Назад
Информатика - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Жасанды интеллект

Задание:

1. «Машиналық оқыту» терминіне түсінік беріңіз.

2. Нейрондық желінің жұмыс принципіне сипаттама беріңіз

Решение:

1.Машиналық оқыту — бұл жасанды интеллект әдістерінің классы. Оның сипаттамасы мәселені тікелей шешу емес, көптеген ұқсас мәселелерге шешім қолдану процесінде жаттығу болып табылады. Мұндай әдістерді құру үшін математикалық статистика, оңтайландыру әдістері, ықтималдық теориясы,  сандық түрде мәліметтермен жұмыс істеудің әртүрлі әдістері қолданылады. Машиналық оқыту күнделікті біздің өмірімізде көптеген қолданыстарға ие болуда. Оның қолданылуының кеңдігіне байланысты IT технологияда маңызды орын алады. Қазіргі кезде машиналық оқыту әдістеріне негізделген кейбір қосымшалар жақсы жұмыс істейді.

2.Нейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желі  — өлшенген байланыс  сызықтарымен жалғастырылған салыстырмалы түрде онша күрделі емес өндеуші элементтерден тұратын желі. Элементтер  әсер ету мен баптауға рұқсаты бар байланыс желілерімен жалғастырылған. Ал әрбір элемент кейбір сызықтық емес функцияның кіріске түскен мәнін қолдана отырып, кейбір мәнді өндіреді және өндірілген мәнді басқа бір элементке береді немесе оны өзінің шығысына орналастырады. Нейрондық желі нерв жүйесіндегі нейрондардың қимылын модельдеу үшін қолданылады. Еске алынған сызықтық емес функция, әдетте, босағалық болып саналады.