СОР № 1 Физика 11ЕМН класс Механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық

Назад
Физика - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық

Задание:

Берілген Венн диаграммасына механикалық тербеліс пен электромагниттік тербелістің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазыңыз

Решение:

Механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық — Тербелмелі контурда пайда болған электромагниттік тербелістер кезінде конденсатор астарларындағы qзаряд және контурдағы і ток күші периодты түрде өзгеріп отырады. Енді математикалық немесе серіппелі маятниктің тербелістерін еске түсірейік. Онда дененің х координатасы мен vжылдамдығы периодты өзгеріске ұшырайды. Бұл екі жағдайдағы периодты өзгерістерге түсетін шамалардың физикалық табиғаты әр түрлі, ал тербелістердің теңдеулері, математикалықтұрғыдан алғанда, бірдей. Сондықтан механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістерді салыстырып, олардың арасындағы ұқсастықты айқындаудың пайдасы зор.