СОР № 1 Основы права 11ЕМН класс Мемлекет және құқық

Назад
Основы права - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Мемлекет және құқық

Задание:

1. Берілген анықтамаға сүйене отырып заңдылық пен құқықтық тәртіп ұғымына сәйкес келетін мысалдарды белгілеңіз.
А. Заңдылық – бұл құқық субъектілерінің барлығының (азаматтық, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар, мемлекет және оның органдарымен) заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді сақтауы.
В. Құқықтық тәртіп- бұл қоғамдағы заңдылықтың нәтижесі. Яғни құқық субъектілері мен құқық арасындағы өзара келісім нәтижесінде туындайтын, қоғам мен мемлекеттегі қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуі.
Мысалдар:
1. Д. саяси партиясы мемлекеттік тіркеуден саяси партия ретінде өткен соң Парламент сайлауына қатысу туралы шешім қабылдайды. Сайлауды өткізу және ондағы заңдылықты қадағалайтын мемлекеттік орган Д. партиясының талаптарға сәйкес екендігін тексерді, заңға қайшылықтарды анықтаған жоқ. Осыдан кейін сайлауға қатысуға рұқсат береді.
2. О. ауданының кейбір шектеулі тұрғындары жергілікті әкімшілік алдына шеруге шығады. Кейбір шектеулі тұрғындардың талабы: ауданға бөлек автономия беру және бюджет пен өзге де маңызды объектілердегі басшылықты жаңадан сайланатын халықтық кеңеске беру.
3. Б. қаласында үлкен жер сілкінісі орын алды. Нәтижесінде зардап шеккен қала тұрғындары мен төтенше жағдай құтқарушылары өзара келісе алмады. Сонымен қатар зардап шеккен ауданда түнгі уақытта ұрлық фактілері жиі тіркелді. Салдары, тұрғындар арасында өзара кикілжің мен жанжалға әкеліп соқты.
4. Ш. қаласында ұлтаралық қақтығыс туындады. Қақтығыс нәтижесінде қала азаматтары зардап шекті. Жергілікті билік төтенше жағдайды жариялап, кешкі(түнгі) уақытта көшеге шығуға тыйым салды. Алайда 10 адамнан тұратын ұйымдасқан топ бұл шектеуге бағынбай, көшеге шығып кетеді.

2. Кестені толтырыңыз. Заңсыздық пен құқықтық тәртіптің болмауы ұғымдарының белгілерін жазыңыз.

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра