СОР № 1 Основы права 11ЕМН класс Жеке құқық
НазадЖеке құқық
Задание:
1. Мәтінмен танысып кестені толтырыңыз
Жалға беру.
540-бап. Мүлiктік жалдау шарты
1. Мүлiктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi.
2. Жалға алушы жалға алған мүлiкке осы Кодексте белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша иелiк етуге құқылы.
3. Лизинг, прокат шарттары да, сондай-ақ мүлiктi ақы төлеп уақытша иелену мен пайдалануға беруге байланысты шарттардың өзге түрлерi де мүлiктік жалдау шарттарына жатады.
Тұрғын үйді жалдау
601-бап. Тұрғын үйдi жалдау шарты
1. Тұрғын үйдi жалдау шарты бойынша тұрғын үйдiң иесi немесе оның уәкiлеттi адамы (жалға берушi) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелерiне тұрғын үйдi ақы төлеп пайдалануға беруге мiндеттенедi.
2. Тұрғын үйдi жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс.
Қарыз
715-бап. Заем шарты
1. Заем шарты бойынша бiр тарап (заем берушi) басқа тараптың (заемшының) меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды бередi, ал осы Кодексте немесе шартта көзделген жағдайларда оларды беруге мiндеттенедi, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi және сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi.
Сақтандыру
803-бап. Сақтандыру шарты
1. Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру шартында көзделген тәртіппен және жағдайларда өзге де төлемдерді жүзеге асыру жағдайлары көзделуі мүмкін.
3. Сақтандыру сақтандыру шарты негiзiнде жүзеге асырылады.
Бөлім
Жеке құқық
Тақырыптар
Жалға беру келісімшарты.
Тұрғын үйді жалдау.
Қарыз келісімшарты.
Сақтандыру келісімшарты
Оқу мақсаты
11.3.1.2 — келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Келісімшарттардың түрлерін ажырата алады.
Келісімшарттар түрлеріне мысал келтіре алады.
Кестеге сүйене отырып келісімшарттардың негізгі шарттарын түсіндіреді.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Дереккөз: ҚР Азаматтық кодексі. Ерекше бөлім