СОР № 1 Основы права 11ЕМН класс Жеке құқық
НазадЖеке құқық
Задание:
1. Нормативтік-құқықтық акт және жағдаятпен танысып, келтірілген зиянды графикте сызық қою арқылы көрсетіп, сұрақтарға жауап беріңіз.
А) Қылмыстық кодекспен байланысты
306 бап. Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету 1. Тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету, сол сияқты аталған тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердiң қауiпсiздiк талаптарына сай келетiндiгiн куәландыратын ресми құжатты құқыққа сыйымсыз беру немесе пайдалану, егер бұл іс-әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соқса, – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Дәл сол іс-әрекеттер, егер олар: 1) жас балаларға арналған тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты жасалса; 2) абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соқса, – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер – төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Жағдаят 1
Азамат А. кәмелет жасқа толмаған азамат Б. мен ойын-аттракцион паркіне барады. Қаланың ерекше бейнелерімен танысу үшін «колесо-обозрения»(шолу дөңгелегі) атты тематикалық аттракционға мінеді. Аттракцион жоғары қарай айнала бергенде жүргізуші механизмдер ақау беріп, конструкция қисайып төмен қарай құлайды. Осы аттракционда болғандардың барлығының денсаулығына зиян келеді. Кейін тергеу барысында аяқталғандай
Бөлім
Жеке құқық
Тақырыптар
Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдері
Оқу мақсаты
11.3.2.1 — қылмыстық, әкімшілік, азаматтық кодекстердің жеке нормаларын қолдана отырып, тұтынушылар құқығын қорғау механизмдерін түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Қылмыстық кодекстегі жеке нормаларға сүйене отырып тұтынушылар құқығын қорғау мехнаизмдерін түсіндіреді.
Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сүйене отырып тұтынушылар құқығын қорғау мехнаизмдерін түсіндіреді.
Азаматтық кодекстегі жеке нормаларға сүйене отырып тұтынушылар құқығын қорғау мехнаизмдерін түсіндіреді.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну бұл аттракцион қытайдан сатып алынған сапасыз тауар болып шықты, сонымен қатар қауіпсіздікке жауапты мемлекеттік органдар тарапынан бұл аттракционды іске қосуға рұқсат алынбағандығы анықталды.
Аттракцион тұтынушысы өзінің құқығын қалай қорғай алады?
Аттракцион иесі жауапқа тартыла ма?
Өз біліміңіз мен нормативтік-құжаттарға сүйене отырып жауап беріңіз.
__________________________________
В) Әкімшілік құқықбұзушылық кодексімен байланысты
Жағдаят 2.
Азамат Г. жергілікті базарлардың біріне барып, жеке тұтыну мақсатында торт сатып алады. Тауармен танысу барысында дайындаған ұйым/мекеме/кәсіпкер атауы көрестілмегенін байқайды. Сонымен қатар сатушы осы ақпаратты сұрағанда ол тауардың дайындаушысы туралы ақпаратты айтпай, қажетті құжаттарын, сертификат пен лицензияны көрсете алмады. Азамат Г. ақшасын төлеп, тауарды(тортты) үйіне алып кетеді. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 203-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату 1. Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 415 және 416-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкерлердің және сауда қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарды шығарған ел туралы, дайындаушы, беруші немесе сатушы туралы қазақ және орыс тiлдерiндегі мәліметтер не тауар (көрсетілетін қызмет) туралы анық және жеткiлiктi ақпаратты қамтитын құжаттарсыз сатуы –
Денсаулыққа келтірілген зиян көлемі
+
—
Қауіпсіздік талаптары
Кәсіпкердің аттракционды іске қосудың салдары
Зиянды өтеу және қалпына келтіру уақыты шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Өз біліміңіз бен нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып жауап беріңіз.
Тауарды құжаттарсыз сатушының сатуға құқығы бар ма?
Тауарда қандай ақпарат берілуі тиіс?
———————————————————————————————————————
—————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————
С) Азаматтық кодекс.
429-бап. Тауардың сатушы жауап беретiн кемшiлiктерi
1. Егер сатып алушы тауардағы кемшiлiктердiң өзiне берiлгенге дейiн пайда болғанын немесе сол кезге дейiн пайда болған себептерден туындағанын дәлелдесе, тауардың кемшiлiктерi үшiн сатушы жауап бередi.
Сатушы сатылған тауардың кемшiлiктерi үшiн олар туралы өзi бiлмеген кезде де жауап бередi. Сатушыны жауапкершiлiктен босату туралы немесе оны шектеу туралы келiсiм маңызсыз болады.
2. Егер тауардағы кемшiлiктердiң олар сатып алушыға берілгеннен кейін сатып алушының тауарды пайдалану немесе оны сақтау ережелерiн бұзуы не үшiншi бiр тұлғалардың әрекеттерi немесе дүлей күштiң салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, сатушы сапа кепiлдiгiн берген тауарға қатысты тауардың кемшiлiктерi үшiн жауап бередi.
917-бап. Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi
1. Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.
Заң актiлерiнде зиянды өтеу мiндетi зиян келтiрушi болып табылмайтын тұлғаға
Тұтынушығакелтірілген зиян көлемі
+
—
Санитарлық-гигиеналық талаптар
Тауарларды құжаттарсыз сатудың салдары
Зиянды өтеу және қалпына келтіру уақыты жүктелуi, сондай-ақ өтеудiң неғұрлым жоғары мөлшерi белгiленуi мүмкiн.
2. Зиян келтiрушi, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, егер зиян өзiнiң кiнәсiнен келтiрiлмегендiгiн дәлелдесе, оны өтеуден босатылады.
3. Заңды iс-әрекеттермен келтiрiлген зиян осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларда өтелуге тиiс.
Жағдаят 3
Азамат Д. өзінің жеке үйінде үнемі электр энергиясы қайта-қайта сөнген соң электр энергиясымен қамтамасыз ететін генератор сатып алу жөнінде шешім қабылдайды. Құрылыс дүкенінен электр энергиясын өндіретін генераторды таңдап, сатушыдан сапасы, қауіпсіздігі және кепіл туралы ақпаратты беруін сұрайды. Сатушы бұл генераторға 1 жылға кепілдік берілетінін, сапалы, қауіпсіз және фирмалық тауар екендігін жарнамалап айтады. Сатып алушы Д. бұл дәлелдерге сеніп генераторды сатып алады. Сатушы жаңа қораптағы генераторды ашпастан, сатып алушының үйіне дейін тегін жеткізеді. Сатып алушы азамат Д. генераторды нұсқаулыққа сәйкес үй жанындағы сарайының ішіне іске қосып қарайды. Кешкі уақытта электр энергиясы үйде өшіп қалады. Азамат Д. генератордың жұмыс жасайтындығына көз жеткізген соң, түнгі уақытта қосып қояды. Таңда ол шудан оянады. Генератор орналасқан сарай өртеніп кетеді. Азамат Д. шығынға батады. Оған мүліктік зиян келеді. Өртті өшірген арнайы өрттен құтқару қызметі оқиғаның басты себебі генератор болғандығын анықтайды.
Өз біліміңіз бен нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып жауап беріңіз.
Тұтынушы ретінде азамат Д. өзінің құқықтарын қалай қорғай алады?
Келтірілген зиянның орнын өтеу үшін азамат Д. не істеу қажет?
———————————————