СОР № 1 История Казахстана 11ОГН класс Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі

Назад
История Казахстана - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі

Задание:

Берілген дерекке сүйене отырып, Жібек жолы тармақтарын картаға түсіріңіз.

Ұлы Жібек жолының ең ұзақ бөлігі Орта Азия мен Қазақстан территориясы арқылы өтті. Жетісу жерінен Шығысқа шығатын Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыты болған. Бірінші бағыт – оңтүстік батыс Жетісу жерінен өткен. Ол Тараз қаласы арқылы Алматыға жетіп, одан Шелек, Сүмбе, Жаркент, арқылы Шығысқа кетсе, екінші бағыт солтүстік – батыс бағыт, ол Алматы, Қапшағайдан өтіп, Шеңгелді, Алтынемел, Дүнгене, Қойлық қалаларын басып өтіп, Алакөл жанымен Жоңғар қақпасы арқылы шығысқа қарай өткен. Үшінші бағыт Тараздан шығып, Сарқан жері арқылы солтүстік-шығыс Қазақстанға беттеген. Бұл бағыт Құлан, Хантау, Айнабұлақ бекеттерін басып өткен.
VI-IX ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойында Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Осы кезде қала мәдениеті екі ауданда — Сырдария алқабы мен Жетісуда дамыды. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді.

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра