СОР № 1 История Казахстана 11ОГН класс Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы.

Назад
История Казахстана - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы.

Задание:

Берілген дереккөздерге сүйене отырып, Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына әсер етуші факторларды анықтаңыз

А дереккөзі

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінен әзірленді В дереккөзі
Президент Қ.К. Тоқаевтың қатысуымен 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан экономикасының өсу қарқынының 2,9%-дан 4,1%-ға дейін үдеуі атап өтілді.
«Өсудің қозғаушы күштері негізінен өнеркәсіп, құрылыс, көлік, сауда және ауыл шаруашылығы салалары болды. Өңдеуші өнеркәсіптегі өсім негізінен машина жасау, мұнай өңдеу, түсті металлургия, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика және сусындар өндірісі есебінен қамтамасыз етілді. 14 өңірде өнеркәсіптің өсуі қамтамасыз етілген. Біздің міндетіміз – жыл сайын негізгі капиталға инвестициялар көлемін орта есеппен 20%-ға арттырып, оның деңгейін 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 30% дейін жеткізу», негізгі капиталға инвестициялар 11,7% ұлғайғанын, оның ішінде жеке инвестициялар 13%-ға өсті. Бүгінде 12,4 трлн теңге сомасында жобалар пулы анықталды. Яғни, жыл сайын орта есеппен 3 трлн теңгеден қосымша инвестициялар тарту қажет. Тікелей шетелдік инвестициялардың жылдық көлемін қазіргі 24 млрд доллардан 2025 жылға қарай 34 млрд-қа дейін арттыру керек. Еңбек нарығы тұрақты. Ағымдағы жылғы бірінші жарты жылда жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-ға дейін төмендеді. 186 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 126 мыңы – тұрақты», — деді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра