СОР № 1 История Казахстана 11ОГН класс «Алаш» қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастары

Назад
История Казахстана - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

«Алаш» қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастары

Задание:

Деректерге және өз біліміңізге сүйеніп, «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің саяси көзқарастарын HIPP формуласы бойынша талдаңыз
Алаш қозғалысында тапқа, топқа, руға немесе тайпаға, жүзге бөліну деген ешқашан болмаған. Олар нағыз ұлт жанашырлары еді. Олар мыңжылдық тарихы бар дала заңын Батыс демократиясына ұштастыруды ойластырды. Және осы жұмысты жасаудың жолын білді. Алаш азаматтары жергілікті халықтың құқығы мен абыройын аяқасты етуге жол бермеу, патша үкіметі өкілдерінің жүгенсіздігіне көнбей, халықты ана тілінде білім алуын ұйымдастыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтару секілді талаптарды қойды. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін қазақ халқының алдыңғы қатарындағы ұлт зиялылары қызметін күшейте түсті, үміт пайда болды. Сол жылы жазда Орынборда өткен Бірінші жалпықазақ съезінде Алаш ұлттық саяси партиясы құрылды.
1917 жылы желтоқсан айында Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезінен кейін Алаш автономиясы құрылып, уақытша халық кеңесі жасалды. Біріншіден, Алаш зиялылары «жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмесін» деді. Екіншіден, елдегі барлық игілік халыққа қызмет етуі керек. Үшіншіден, қазақ елі толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс деді. Төртіншіден, қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, діл, дін үстемдігі болуы керек. Бесіншіден, жапондықтар тәрізді ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді. Салыстыра қарасаңыз, Алаш идеясы бүгінгі «Мәңгілік ел» идеясымен тура үндеседі

Алаштанушы Мәмбет Қойгелді
2017 жыл, қараша
H (Historical context) – Тарихи котекст
________________________
I (Intended audience) — Арнаулы аудитория
_______________________
P (Point of view (author’s) – Автордың көзқарасы
_________________________

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра