СОР № 1 История Казахстана 11ОГН класс «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізі

Назад
История Казахстана - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізі

Задание:

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізі мен сабақтастығын түсіндіріңіз

1.«Мәңгі ел» манифесінің көне түркі жазба ескерткіштерінде жариялануы.
Алғаш рет «Мәңгі ел» идеясы Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы Күлтегінге арнап қойылған бітіктаста түркі еліне жария етілген. Күлтегін ескерткішіндегі жазудың сол жақ [4,190] бетінде: «Өтікен жынысында отырсаң мәңгі ел тұтып отырар ең», – деп айтылған. Тура осы сөздер Білге қаған ескерткішінің оң жақ [4,262] бетінде қайталанған. «Мәңгі» сөзі айтылмаса да, оның мағынасы Тоныкөк ескерткішінің екінші ұстынының сол жақ бетінде «ел» сөзінің бір сөйлемде екі рет қайталануы арқылы берілген: «ел де ел болды»() [4,319].
2. «Мәңгі ел» идеясын Әл-Фарабидің саяси- философиялық тұрғыдан негіздеуі. Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгі ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгі ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматық саясат», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері» шығармаларында баяндайды. Ғұлама ғалым өмір сүрген кезеңде түркілердің қала — мемлекеттері көп болған еді. Сондықтан ол «мемлекетті» көбінесе «қала» түсінігімен қатар қойды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайрымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім – Әл — Фарабидің тұтас әлеуметтік — саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды.
3. “Құтты білік” — Мәңгілік елдің алғашқы Ата заңы.
“Құтты білік” дастаны орта ғасырларда өркениетті ел болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Шығармада ел басқарудың, экономиканы, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалды, әскери істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің әл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады. Жүсіп Баласағүни дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады.
4. Қазақ хандығы тұсында — «Алаш» идеясы осы Мәңгілік Ел идеясының жалғасы болды.Қазақ тарихын зерттеуші әйгілі американ тарихшысы Марта Олкотттың: «Осындай ұлан-ғайыр жерге иелік ету оларға оңай болмаған. Сондықтан бір Алаштың баласымыз деген ой-тұжырым тамаша идея болды. Себебі осы идея қазақтардың басын қосты» дегені белгілі.Профессор С.М. Сыздықовтың ««Мәңгілік Ел» идеясы: саяси-философиялық негіздері және тарихи сабақтастығы» мақаласынан

 

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра