СОР № 1 История Казахстана 11ОГН класс Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары

Назад
История Казахстана - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары

Задание:

«Мәңгілік Ел – патриоттық актісін» және «Қазақстандық бірегейлікті және бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын» зерттеу негізінде ФОРСАЙТ талдауын орындаңыз

Дерек -1.
Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар — отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан. Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.
Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік және Астана…
Мәңгілік Ел, бұл — Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім…
Мәңгілік Ел, бұл -Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият…
Мәңгілік Ел, бұл -Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім…
Мәңгілік Ел, бұл — Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы…
Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы…
Мәңгілік Ел, бұл — Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісінен алынды
2016 жылғы 27 сәуір

Дерек -2.
Біртұтас ұлтты қалыптастырудың мынадай басты бағыттары белгіленді
1) негізгі өзек – азаматтық қағидатына негізделген қазақстандық бірегейлік пен «Мәңгiлiк Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы;
2) заң үстемдігінің жалпыұлттық құндылықтарын бекіту;
3) конфессияаралық келісімді нығайту;
4) орта тап – қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру негізі;
5) Қазақстанның барлық азаматтары үшін қандай да бір айырмашылықтар мен шектеулерсіз тиімді әлеуметтік лифтілер қалыптастыру;
6) тілдердің үштұғырлығын: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін дамыту. Қазақстандық бірегейлік адамның тұлғалық және кәсіби өсуі үшін тең мүмкіндіктер жүйесіне, өзінің және балаларының қауіпсіздігі кепілдігіне, тұрмыс сапасына, тұрақтылыққа негізделіп қалыптастырылады  Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ Астана, 2015 жыл

ФОРСАЙТ немесе көзделген болашақ

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра