СОР № 1 История Казахстана 11ОГН класс Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы

Назад
История Казахстана - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы

Задание:

1.1.Суреттерді пайдаланып, ортағасырларда ғылым мен білімнің дамуын ықпал еткен факторларды анықтаңыз

__________________________________
1.2. Неліктен Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегі қазақ тарихының шежірелік құнды дерегі болып саналатынын дәлелдеңіз.
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551) – белгілі тарихшы. «Тарих-и Рашиди» — Хайдар Дулатидің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты шығармасы. Бұл еңбегінде ғалым ХV-ХVI ғасырларда қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан аймағында болған аса маңызды тарихи оқиғалар туралы баяндайды. Ғалым, сол елдерді мекен еткен ру-тайпалардың, халықтардың тарихын, қоғамдық-әлеуметтік өмірін, әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын зор білгірлікпен жазып қалдырған. Бұл еңбектің ең құндылығы — Хайдар Дулати өз көзімен көрген аса маңызды оқиғаларды өзінен бұрынғы және өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі тарихи құбылыстармен шебер түрде байланыстыра отырып баяндаған. Алайда Хайдар Дулатидің бұл кітабын қазақ халқының төл тарихы, шынайы шежіресі деуге болады. Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінде қазақтың алғашқы хандары және олардың көрші елдермен қарым-қатынасы кең көлемде сөз болады. Сондай-ақ мұнда Керей ханның баласы — Бұрындық хан, Жәнібек ханның баласы — Қасым хан, т. б. туралы құнды деректер бар. Тағы бір назар аударатын жәйт — автор белілі бір тарихи деректерді тізбектеумен шектеліп қоймай, дәл сол деректер жайында өзінің ой-толғаныстарын дидактикалық философиялық, психологиялық тұрғыдан талдап түсіндіреді.
__________________________________

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра