СОР № 1 История Казахстана 11ОГН класс XIX - ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы оқу орындарының қызметі
НазадXIX - ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы оқу орындарының қызметі
Задание:
Берілген деректерге және өз біліміңізге сүйеніп, Қазақстан аумағында оқу орындардың дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықты анықтаңызХІХ ғасыр 6—жылдарынан соң қазақтар қоғамдық келісім бойынша өз еріктерімен қаржы жинап оны ағарту саласына немесе басқа да қайырымдылық ісіне жұмсауға еріктері болды. Молдалар жергілікті халықты мұсылмандық сауатын ашу жолында уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керектұғын және сонымен қатар мешіт жанында діни оқытудан басқа сауат ашу ісімен айналысуға да рұқсат берілді, бірақ қаржы халық есебінен болды. Әрбір уезд басқармасында міндетті түрде ұлтына қарамастан алғашқы білім беру бойынша мектеп болуы тиіс болды. Мектеп бағдарламасы Халық ағартушылық министрлігі келісімімен генерал-губернатордың бекітілуінен өтуі тиісті. Оқытушыларға жергілікті билік өкілдерінің рұқсатымен қазақ балаларын өз үйлеріне шақырып оқытуға да рұқсат берілді.
1813 жылы Омбыда, ал 1825 жылы Орынборда әскери училищелер ашылды. 1841 жылы Бөкей хандығында Жәңгір ханның бастамасы бойынша алғашқы қазақ мектебі ашылды. Ол мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, бірқатар шығыс халықтарының тілдерін, сондай-ақ ислам дінінің негіздерін оқып үйренді. Қазақ балаларының сабақ үйренуін Жәңгір ханның өзі тікелей бақылауға алып, тексеріп жүрді. Неғұрлым қабілетті деген балаларды ол Қазанға, Ресейдің басқа да қалаларына оқуға жіберіп отырды. 1850 жылы Орынборда оқу мерзімі жеті жылдық жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Онда негізінен хатшылар мен аудармашылар даярланды, орыс тарихы, математика, география, геометрия, сондай-ақ исламның негіздері оқытылды. 1879 жылы Ташкентте мұғалімдер институты ашылды. 1879 жылы Торғай облысында алғашқы екі сыныптық орыс-қазақ мектебі пайда болды. 1883 жылы Орынбор губерниясының Ор қаласында қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі түңғыш рет ашылды. Ол мектептің ашылуына Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі орасан зор болды.1885 жылдан бастап барлық уездерде ауыл шаруашылық мектептері ашылды. Олар қазақ өлкесінде білім және қолөнер түрлерін дамытуға бағыт ұстады. 1887 жылы барлық жерде бірдей болыстық орыс мектептері пайда бола бастады. Ал 1891 жылы Торғай, Ақтөбе, Қостанай және басқа қалаларда қыз балаларға арналған бастауыш мектептер ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары үшін ауылдық көшпелі мектептер ұйымдастырылды
Не себепті ХІХ ғасырда Қазақстан аумағындағы оқу орындарында өзгерістер болды? ______________________
Болған өзгерістердің сабақтастығын неден көруге болады? ____________________________