СОР № 1 История Казахстана 11ОГН класс Қазақ КСР Ғылым академиясы – КСРО-ның ірі ғылыми орталығы
НазадҚазақ КСР Ғылым академиясы – КСРО-ның ірі ғылыми орталығы
Задание:
Берілген мәтінге және өз білімдеріңізге сүйеніп, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Кеңестік дәуірде Қазақстан ғылымы өз даму жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік ғылыми мекемелер, негізінен, ауыл шаруашылығымен байланысты болды. Олар: Өлкелік өсімдік қорғау станциясы (1924). 932 жылы қарсаңында республикада 10-нан астам ғылыми-зерттеу институты мен тәжірибе станциясы, жүздеген тірек пунктері, лабораториялар мен ауа райын зерттеу станциялары, бірсыпыра геологиялық барлау ұйымдары болды. ҚазАКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы жанындағы экономикалық зерттеу институты, ауыл шаруашылығын қайта құру, қой шаруашылығы, сойыстық мал шаруашылығы, топырақтану, құрылыс институттары сол кездегі ірі ғылыми мекемелердің қатарына жатады. 1932 жылы 8 наурызда КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы құрылды. Қазақ КСР-ының Ғылым Академиясы 1946 жылдың 1 маусымында ашылды. Құрылған күннен бастап Қазақ КСР Ғылым академиясы көптеген аса күрделі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1946–1949 жылдар аралығында Ғылым академиясы 900-дей жаңалық ашты. 1950 жылдары қоғамдық ғылымдарды зерттеу кеңейіп, Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің шығармалары жинақталды. Қоғамдық ғылымдар түгелдей партиялық құжаттарда тұжырымдалған бағыттарды дәріптеуге жұмылдырылды. Партиялық әкімшілік қоғамтанушы ғалымдардан тек коммунистік идеологияны қуаттаған зерттеулер талап етті. 1960-70 жылдары академик Сокольский катализаторларды электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін көтерді. Академик У.М.Ахметсафин жерасты су көздерін, олардың пайда болу, қалыптасу, таралу заңдылықтарын ашты. Сондай-ақ жерасты суларын картаға түсіру, гидрогеологиялық карталарды жасаудың жаңа тәсілдерін қарастырып, гидрогеологиялық болжамдаудың негізін қалады. М.А. Айтхожин — жасушалық макромолекулалардың синтезі саласында аса құнды зерттеу жұмыстарын жүргізді. Эукариоттық жасушаларда кездесетін жасушалық бөлшектердің жаңа класын, ақпараттық рибонуклеин қышқылдарының рибонуклеопротеидтік түрін (РНП-ті) — информасоманы ашқан. Қазақтар негізінен ауыл шаруашылығы, медицина, гуманитарлық ғылым салаларында жүрді. Жаратылыстану ғылымы саласындағы үлес мүлдем аз болды. Тоқырау жылдары қоғамдық ғылымдар үлкен зардап шекті.ғалымдар ғылымиеңбектерін әкімшілік сызып берген шеңберде ғана жазатын еді. Әсіресе қазақ тарихы ғылымы қатты бұрмаланды.
a)Қазақстанда кеңес дәуірінде ғылымның қандай салалары дамыған? Неге? ____________________________
b) Қазақстанда кеңес дәуірінде ғылымның қандай салалары дамымаған? Неге?_____________________________
c) қоғамдық ғылымдардың кеңестік идеологиямен байланысты болу себебін дәлелдеңіз. _______________________________