СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы

Назад
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы

Задание:

Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Президент күні мерекесі біздің елімізде ғана емес, басқа мемлекеттерде де кездеседі. Америка Құрама Штаттарында ақпан айының үшінші дүйсенбісі Президент күні ретінде мерекеленеді. Бұл мереке 1855 жылдан бері жалпыұлттық деңгейде Американың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның құрметіне тойланады. Бұл күні Вашингтон мұражай-үйінде көпшілік арнайы костюмдер киіп, той тойлайды.
Исландия елінде бұл күн 14 мамырда тойланады. Исландияның бесінші президенті Оулавюр Рагнар Гримссонның құрметіне бекітілген. Исландияда Президенттің туған күні – мемлекеттік мереке. Бұл күні әртүрлі көңілді іс-шаралар мен халықтық шеру ұйымдастырылады.
Ангола да тұңғыш президент күнін тойлайды. Ангола мемлекеті Президент күнін «Ұлт батырлары күні» деген атаумен 17 қыркүйекте мерекелейді. Португалдардың бодандығынан Анголаға тәуелсіздік алып беру үшін аянбай күресіп, сол мақсатына жеткен Агоштиньо Нету 17 қыркүйекте дүниеге келген. Күздің алғашқы айында тойлануының себебі де сол.

Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап бер.
1. Америка Құрама Штаттарында Президент күні қай айда тойланады?
А) желтоқсан
Б) ақпан
В) шілде
2. АҚШ-та Президент күнін қайда тойлайды?
А) даңғылда
Б) көлдің жағасында
В) Вашингтон мұражай үйінде
3. Исландия елінде Президент күні қашан тойланады?
А) 14 наурызда
Б) 14 қыркүйекте
В) 14 мамырда
4. Исландиядағы Президент күні нешінші президенттің құрметіне бекітілген?
А) бесінші
Б) жетінші
В) бірінші
5. Ангола мемлекеті Президент күнін қандай атаумен мерекелейді?
А) «Ұлт мақтанышы»
Б) «Ұлт батырлары күні»
В) «Ұлт таңдауы»

Решение:

1-б

 

2-в

 

3-в

 

4-а

 

5-б