СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы

Назад
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы

Задание:

Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан алғаш рет бүкілхалықтық президент сайлауын өткізіп, президенттік басқару институтына көшті. Арада 20 жыл өткен соң, 2011 жылдың желтоқсанында, парламент депутаттары бұл күнді ресми мереке ретінде тойлау керек деген бастама көтерді.
Осылайша, 2011 жылдың желтоқсанында Парламенттің жалпы отырысында
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгеріс енгізілді. Президент тиісті құжатқа қол қойған соң, 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері бұл күн мемлекеттік мереке деңгейінде тойланып келеді.
Шыны керек, алғашында бұл мерекені Қазақстан халқы толық түсінбеді. Оның үстіне, Тәуелсіздік күні, Астана күні, Наурыз немесе Жаңа жыл сияқты емес, ешқандай атрибуты жоқ. Бірақ бес жыл ішінде халықтың бойы әбден үйренген сияқты. Оның біз байқаған бірнеше белгісі бар. Біріншіден, Тұңғыш Президент күнін халық бір күнгі демалыс деп асыға күтетін болды. Ал кейбір ұйым қызметкерлері, әсіресе, мемлекеттік қызметшілер мерекеге берілетін сыйақыға қуанады. Егер бұл күн аптаның демалыс күніне дәл келсе, онда үкіметтің арнайы бұйрығымен басқа күнге ауыстырылып, халық қатарынан бірнеше күн демалады.
Екі жыл депутаттар Астана қаласының атын Нұрсұлтан Назарбаев атымен атауды ұсынған еді. Бірақ бұл бастамаға Президенттің өзі қарсы болды. Ол Астананың аты өзгермейтінін айтқан болатын.
Қазақстанда Назарбаев атындағы көше болмағанымен, Иорданиядағы Амман қаласында, Шешенстандағы Грозный қаласында, Түркияның бір емес, бірнеше қаласында, Татарстан астанасы – Қазан қаласында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көшелер бұрыннан бар.
Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап бер.
1. Қазақстан алғаш рет бүкілхалықтық президент сайлауын қашан өткізді?
А) 1992 жылы 1 желтоқсанда
Б) 1991 жылы 1 желтоқсанда
В) 2020 жылы 1 желтоқсанда
2. Парламент депутаттары Президент күнін ресми мереке ретінде тойлау керек деген бастаманы қашан көтерді?
А) 2020 жылы
Б) 1991 жылы
В) 2011 жылы
3. Нешінші жылдан бері президент күні мемлекеттік мереке деңгейінде тойланып келеді?
А) 1991 жылдың 1 желтоқсанынан
Б) 2011 жылдың 1 желтоқсанынан
В) 2012 жылдың 1 желтоқсанынан
4. Мемлекеттік қызметшілер мерекеге берілетін неге қуанады?
А) сыйақыға
Б) демалысқа
В) қыдыруға
5. Президент күні мерекесіне халықтың бойы қанша жылда үйренді?
А) он жылда
Б) бес жылда
В) жиырма жылда

Решение:

1.Б

 

2.В

 

3.Б

 

4.А

 

5.Б