СОЧ № История Казахстана 5 класс

Назад
История Казахстана - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Деректі оқып, Андрон және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтаңыз.
Андрон тектес қола мәдениеті Орал (Жайық) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған.
Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі — Орталық Қазақстан. Орталықта кен өндіру мен металл өңдеу ісі өркендеді. Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастады. Жер өңдеудің қарапайым түрі, теселі егіншілік дамыды.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінде бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталуымен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасты. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің пішіні, жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де ерекшеленеді.
Дереккөз : https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8705/
1.Андронов мәдениетінің 3 ерекшелігін анықтаңыз:
1
2
3

2.Беғазы-Дәндібай мәдениетінің 2 белгісін көрсетіңіз:
1.
2.

Решение:

Металл өңдеу игерілді. Кен өндіру мен металл өңдеу ісі өркендеді. мәдениеттің өзіндік ерекшелігі бойынша
оқушылардың басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптасты.
Жер өңдеудің қарапайым түрі, теселі егіншілік дамыды.
Діни сенімі
Саяси әкімшілік орталығы, өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған.