СОЧ № История Казахстана 6 класс

Назад
История Казахстана - 6 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Деректі қолданып көшпелілердің әскери өнердегі жетістіктерін сипаттаңыз

«Түрік аң мен құсқа, сайыс кезінде нысанаға, адамдарға, тұлыпқа да, әртүрлі бейнелерге де, жыртқыш құстарға да садақтан атқан оғын дәлдеп тигізеді. Оқ жаудырып ол жылқысын алға да, артқа, жоғары және төмен жаққа да шаптырады. Араб-хариджит бір жебені садаққа салғанша түрік он оқ атып үлгереді. Оның епті жылқысы тау жоталарына оңай шығып, шатқалдарына еш қиыншылықсыз түседі, тегіс болмаса ондай жерлерге хариджит шыға алмайды. Түріктің төрт көзі бар: екеуі – алдында, екеуі – желкесінде».
Әл –Джахиз «Манақиб әл-атрак» еңбегі IX ғасыр
1. Түріктердің әскери өнеріне мәтіннен үш дәлел келтіріңіз.
_________________
2. Көшпелілердің кем дегенде екі қару-жарақтарын көрсетіңіз.
_________________
3. Түріктердің әскери жетістіктеріне үш мысал келтіріңіз.
_________________

Решение:

Түрік аң мен құсқа, сайыс кезінде нысанаға, адамдарға, тұлыпқа да, әртүрлі бейнелерге де, жыртқыш құстарға да садақтан атқан оғын дәлдеп тигізеді
Оқ жаудырып ол жылқысын алға да, артқа, жоғары және төмен жаққа да шаптырады..
Араб-хариджит бір жебені садаққа салғанша түрік он оқ атып үлгереді
Көшпелілердің дәстүрлі қарулары – садақ, найза және қылыш болатын.
Ауыр салт атты әскер – айбалта, дөңгелек және бадамша тәрізді қалқан және түйреуге арналған ауыр найзамен жабдықталды.
VI – VIII ғасырларда жоғары деңгейде болды. Аз уақыт аралығында Түрік қағанаты мемлекеттің ішкі-сыртқы қауіпсіздігін сақтау үшін қуатты әскер құрды. Әскерге басшылық ету мәртебесі қағанның туысқандары мен балаларына мұрагерлікпен беріліп отырды.
Түріктердің темірден қару-жарақ жасау өнері жоғары болды. Жужандарға бодан болған кезеңде түріктер оларға темірден жасалған бұйымдармен салық төлеп тұрған.
Ең ірі жетістік 751 жылғы Атлах шайқасында Қытай әскері күйрей жеңілуі болды. Тарихшы Ибн әл-Асирдің айтуынша, шайқасқа 100 мың қытай сарбазы қатысқан, оның 50 мыңы қаза тапты, 20 мыңы тұтқындалды. Жоғарыда берілген дерек пен суретте көрсетілген әскери жетістіктер түріктердің ұлан ғайыр территорияда үстемдік етіп, Ұлы жібек жолына бақылау орнатып, көптеген елдермен байланыс жасап, өз ықпалын кеңейтті.