СОЧ № История Казахстана 6 класс

Назад
История Казахстана - 6 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Мәтінді пайдаланып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз:
VI – XII ғасырларда Қытайдан батыс бағытқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жолдың маңызы артты. Жол бойындағы Испиджаб, Тараз, Құлан, Аспара, Алматы, Талғар, Қойлық, Түркістан, Отырар, Сауран, Сығанақ, Янгикент қалалары гүлдене түсті. Әртүрлі елдерден шыққан саудагерлер мен жиханкездер Жібек жолы бойымен ортағасырлық Қазақстан қалалары арқылы өтті.

1. Картадағы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларды, орналасқан жерлерін анықтаңыз._________________
2. Ұлы Жібек жолының қала мәдениетіндегі сәулет өнері, қолөнер, діннің дамуына әсерін анықтаңыз.

Решение:

Ұлы жібек жолындағы қалалар — Шу, Талас, Сырдария алқаптарында қалалар орналасты.,
Испиджаб, Тараз,Иасы, Отырар, Баласағұн т.б қалалар
Қалаларда сарайлар, мешіт-медреселер, мұнаралар салынды. Сондай қалалар Испиджаб VІІ ғасырда Қытай жол көрсеткіш кітабында – «Ақ өзендегі қала Испиджаб» деп атааған. Қалаларда су құбырлары, моншалар салынды. Отырар қаласының кітапханасы бар ғылым ,мәдениет орталығы ретінде атағы шықты.
ІХ-ХІІ ғасырларда Батыс пен Шығысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолы
гүлденді. Бұл жолмен халықаралық сауда, қалалар арасындағы сауда, қала мен өлке арасындағы сауда кең дамыды.Көшпелілер егін өнімдері мен қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдері мен қолөнерге қажетті шикізатты көшпелілерден алып отырды.
Ислам дінімен қатар Ұлы жібек жолын бойында буддизм, христиан діні, манихейлік діндер таралды. VІІ -VІІІ ғасырларда христиан дінінің несториандық бағыты кең таралғанын Тараз бен Мерке қалаларында табылған христиан шіркеулерінің қалдықтары
дәлелдейді.