СОЧ № История Казахстана 6 класс

Назад
История Казахстана - 6 класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Задание:

Деректерді және өз біліміңді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз«Дешті түрік тілінде дала мағынасын білдіреді. Дала жасыл, гүлденген аймақ, онда ағаш та, тау да, төбе де, белес те жоқ. Бұл даламен арба ғана жүреді, ал ол алты айлық жолға созылады. Бұл даланың (Дешті Қыпшақтың) ерекшеліктері мынада: оның шөбі малға арпаның орнына жүреді, басқа елдерде мұндай ерекшелік жоқ. Онда малдың көптігі де сондықтан».
Араб саяхатшы Ибн Баттута, XIV ғасыр
1. Қыпшақтардың ұлан-ғайыр территорияға иелік етуіне әсер еткен төрт факторды атап көрсетіңіз.
а) _______
b) _______
с)_______
d) ________
2. Қыпшақтардың көрші елдермен байланыстарына төрт дәлел келтіріңіз.
1) ________
2) ________
3) ________
4) ________

Решение:

Түркі тілдес тайпаларын қоластында біріктірген этникалық құрамы
Түркі дәстүрі бойынша және ұлан-ғайыр далада билікті сақтау үшін қыпшақ билеушілері екі саяси-әскери орталықтан басқаруы1
Қыпшақтардың шаруашылығы мен байлығы, халықаралық сауда саттық жүргізуі
Көрші елдермен дипломатиялық қатынастар жүргізуі әскери өнері
Хорезм мемлекеті қыпшақтарға жиі шапқыншылық жасап отырды. Қыпшақ хандары Хорезм шахтарымен неке арқылы бейбіт қарым-қатынас орнатуға тырысты.
ХІ ғасырдың тарихи жылнамаларында айтылғандай, қыпшақтар Венгрияны жаулап алды.Қуатты қыпшақтар Венгрияның саяси өмірінде маңызды рөл атқарды. Үкіметте жоғары лауазымдарға ие болды
Қыпшақтар Византия, Орыс княздіктері, Болгария, Египет, Үндістан, Қытай және басқа да мемлекеттермен қарым-қатынаста болды.
Қыпшақтар еуропалық деректерде – «куман», орыс деректерінде – «половец» деген атаумен белгілі