СОЧ № География 6 класс
Назад
Задание:
а) Мәтінді оқып, берілген кілт сөздерін тиісті орынға қойыңыз.
Кілт сөздер: адам, артады, өзгеру, қоршаған орта
Экожүйелердің өзгеруі – бұл берілген аймақтағы экожүйелердің 1. ………………. табиғи үдерісі. Бұл жүйелі, бағытталған және алдын
ала болжауға болатын үдеріс. Экожүйелердің ауысуы кезінде бір түрді басқасы алмастырады, биоценоздың алуан түрлілігі біртіндеп 2…………………………… . Егер 3. ………………………… жағдайы салыстырмалы
түрде тұрақты болса, онда жүйелі өзгерістер өте баяу, геологиялық уақытпен өлшенетін жылдамдықпен жүреді. Қазіргі уақытта 4……………………………. қызметінің арқасында экожүйелердің ауысу қарқыны артқан. Экожүйелердің ауысуының (сукцессия) екі түрін
ажыратамыз – бірінші реттік және екінші реттік.
b) Мәтіндегі ақпаратты және суретті пайдаланып экожүйе ауысымдарының екі себебін атаңыз:……………………………….
Решение:
а)
1. өзгеруінің
2. артады
3. қоршаған ортаның
4. адамның
b) Климаттық жағдайлардың өзгеруі, рельефтің өзгеруі,
жаңа, құнарлы топырақтың пайда болуы, тірі ағзалардың
белсенділігі, адам әрекеті